Тірек сөздер: жаттығу жасау, күн, дала, жылы, үйге қарай жүгіру, терезеден қарау, түске жақын, ауа райы, қолайсыз болу, ұнау, ұнамау, су болу, құлау, сәуле, жел, күркіреу
«Оқиық» айдарымен берілген «Мәтін бөліктерінің ретін анықта»
5 мин
Ретсіз мәтін
тапсырмасында оқушылар сурет бойынша жазылған мәтінмен
жазылған
танысады. Мәтін оқушыларға ретсіз беріледі. Оқушылар мәтінді сурет
үлестірмелі
бойынша құрастырып жазғандықтан, мәтінді ретімен тез орналастыра
қағаздар
алады. Бұл тапсырманы орындауда оқушыларға «Ретін тап!» ойынын
ойнатамыз. Топтарға әртүрлі ретпен мәтін беріледі. Оқушылар
мәтіннің ретін тауып жазып, топта қорғайды.
Сабақты қорытындалау мақсатында оқушыларға сөздер беріледі. Оқушылар жоғары қатарға сөздер, төменгі қатарға сандарды жазып сәйкестендіреді.
3 мин
Рефлексия
«Білім ағашы». Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.
«Білім ағашына» бүгінгі сабақтағы ең маңызды деп санаған 3 жағдайды стикерге жазып, жапсырады.
«Білім ағашы»,
стикерлер
Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.
Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалауы болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.
Бағалау критерийлері
Дескрипторы
Оқыған/аудио/бейнематериалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу
Шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің түсінігім бойынша, ... оның пікірінше, ... оның айтуынша, ... кейбір
адамдардың ойынша, ...) салыстыра отырып бағалау
Мәтінді ретімен орналастырады.
Қолайсыз табиғатты сипаттап айта алады.
Кейіпкердің іс-әрекетіне баға
береді.
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?