4.5.1.5 Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, жай және құрмалас сөйлем құрастыру
4.4.2.1 Оқыған/аудио/бейнематериалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу
Лексикалық минимум
Сүңгі, мұзайдыны, сырғанақ тебу
Алдыңғы білім
Күн райын бақылайық
Пәнаралық байланыс
Дүниетану
Сабақтың барысы
С.кезеңі
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
уақыты
Қар.қат
Оқыту ресурстары
Кіріспе
Мұғалім жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға сұрақ қояды.
Балалар, сендерге қыс мезгілі несімен ұнайды? Қыста сендер не істейсіңдер? Сырғанақ тебуге барасыңдар ма? Кіммен барасыңдар? Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап берген соң, оқушыларды жаңа сөздермен таныстырады. Оқушыларға интерактивті тақтадан жаңа сөздерге қатысты суреттер көрсетіледі, бірнеше рет қайталанады. Сондай-ақ, интерактивті тақтадан бірнеше сөздер беріледі, оқушылар осы сөздерді пайдаланып, сөз тіркестерін құрастырады.
Тірек сөздер:мұзды, таулы, қараңғы, аймақ, жер. Сөйлемдер құрастырып айтуда осы тірек сөздерге апта күндерін қосып айтады.
Мұғалім үйренген сөздерін қолдануға мүмкіндік жасайды, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, жаңа сөздерді көбірек қолдануға дағдыландырады, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді. Сонымен қатар жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз етеді. Жаңа сөздермен жұмысты жандандыру мақсатында оқушыларға ретсіз сөздер беріледі. Оқушылар берілген сөздерді орын тәртібі бойынша орналастыру арқылы сөйлем құрап үйренеді. Тапсырма топта орындалады. «Мозаика» әдісі бойынша әр топқа әртүрлі сөйлемдер беріледі. Оқушыларға қызығырақ болуы үшін мұғалім әр топқа қатысты сөйлемдерді жеке хатқалталарға салып береді. Әр топ өз хатқалтасындағы сөздер жазылған қиындыларды алып, сөйлемдер құрастырып, А4 парағына жапсырады.
Мұғалім оқушылардың құрастырған сөйлемдерін тексереді, мадақтау сөздері арқылы бағалайды.
7 мин
Мұғалім-сынып
Жаңа сөздерді меңгертуге
байланысты әртүрлі суреттер,
Хатқалтадағы сөздер, желім
«Ойланайық»айдарымен берілген тапсырмада оқушылар оқулықта берілген сызбаны пайдаланып сөз тіркестерін құрап айтады. Ал «ә» бөлігін орындауда оқушылар сөйлемнің ішіндегі сөздерді өз орындарына қойып қайта жазады. Оқушылар алдымен жеке орындап, кейін жұп болып немесе топ болып тексеру жұмыстарын жүргізеді.
Негізгі бөлім
«Есте сақтайық» жаттығуын орындау үшін оқушыларға «аса, тым, көп» сөздерінің мағыналары мысалдар арқылы түсіндіріледі. Оқушыларға осы сөздерді қолдану арқылы сөз тіркестерін құрастыруға тапсырма беріледі. Тапсырма ауызша орындалады, оқушылардың сөз тіркестерін құрастыру туралы түсініктері кеңейеді. Мұғалім оқушыларды түрлі түсті фишкалар тарату арқылы бағалайды.
Жасыл фишка– «өте жақсы» Қызыл фишка – «жақсы»
Сары фишка – «нашар, толықтыру керек»
3 мин
Жеке жұмыс
Бағалауға арналған түрлі түсті фишкалар
«Сөйлесейік»айдарындағы тапсырмада оқушылар жұптасып, оқулықтағы сұрақтарды талқылайды. Тапсырма оқушылардың айтылым дағдысын, сыни ойлауын дамытуға бағытталған. Оқушыларға дайындыққа уақыт беріледі. Әр жұп осы сұрақтар төңірегінде диалог құрастырып, өз диалогтерін баяндайды.
Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, жай және құрмалас сөйлем құрастыру мақсатын жүзеге асырады.
5 мин
Жұптық жұмыс
Оқулық
«Жазайық» тапсырмасын орындауда оқушылар оқулықтағы құрылымды пайдалана отырып, «Қыс ғажайыбы» тақырыбына шағын мәтін құрастырады. Тапсырма жеке орындалады. Бұл тапсырма
оқушылардың жазылым дағдысын дамытуға бағытталған. Оқушыларға жазылым тапсырмасын орындау үшін уақыт беріледі.
Осы тапсырманы орындау арқылы көптік/тәуелдік/септік/жіктік
жалғаулы сөздерді ауызша, жазбаша тілде қолдану мақсаты жүзеге асырылады.
10 мин
Жеке жұмыс (әр оқушы)
Тірек сөздер жазылған парақша
«Талқылайық»жазылым тапсырмасы қорытындылау мақсатында жүргізіледі. Оқушылар өздерінің жазғандары туралы жұпта талқылайды. Жазылым тапсырмасын қалай орындағанын, қандай тіркестерді пайдаланғанын бір-біріне айтып береді, мәтіндерін оқып береді. Тапсырманы орындап болған соң, жазылым тапсырмасын қабырғаға апарып іледі.