Күн райын бақылайық. (3-тоқсан, 5-тарау). 69-сабақ
Дағды
Оқылым және грамматика
Оқыту мақсаттары
4.3.2.1 Таныс емес сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
4.4.4.1 Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазу
Лексикалық минимум
Тұман, бұршақ, тайғақ, моншақ, абайла
Алдыңғы білім
Қысқы ойын
Пәнаралық байланыс
Дүниетану
Сабақтың барысы
С.кезеңі
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
уақыты
Қар.қат
Оқыту ресурстары
Кіріспе
Мұғалім жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға сұрақ қояды.
Өткен аптада күн райы қандай болды? Кәне, есімізге түсірейік. Оқушылардың барлығы өткен аптаның күн райын естеріне түсіреді.
Олардың назары жаңа сөздерге аударылады. Мұғалім интерактивті тақтадан жаңа сөздерге қатысты суреттерді көрсетеді. Оқушылар жаңа сөздерді меңгеріп болған соң, өткен аптаның ауа райын суретпен сәйкестендіреді. Осы жұмыс барысында оқушылар мұғалім ұсынған тірек сөздерді қолданады.
Тірек сөздер:менің ойымша, оның ойынша, мүмкін, дұрыс, ұмытып қалдым, есіме түсті, нақты білемін.
Сөйлем құрастыру барысында осы тірек сөздерге апта күндерін қосып айтады.
«Жаңа сөз үйренейік» айдары
Мұғалім оқушылар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алатынын ескертеді. Үйренген сөздерін қолдануға мүмкіндік жасайды, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, жаңа сөздерді көбірек қолдануға дағдыландырады, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді. Сонымен қатар жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз етеді. Оқушылар сөздерді бірнеше рет қайталайды, сөз тіркесін құрастырады, сөйлемдер құрайды (тұман, бұршақ, тайғақ, моншақ, абайла).
5 мин
Мұғалім-сынып
Жаңа сөздерді меңгертуге
байланысты әртүрлі суреттер
Негізгі бөлім
«Оқиық» тапсырмасын орындауда оқушылар оқулықтағы өлең шумақтарын кезекпен мәнерлеп оқиды. Әр топтан кезекпен өлеңді оқып болған соң, мұғалім оқушыларға өлең мазмұны бойынша сұрақ қояды.
3 мин
Жеке жұмыс
Бағалауға
арналған түрлі түсті фишкалар
1. Өлеңнің бірінші шумағында күн райының қандай құбылысы туралы айтылған?
2. Өлеңнің екінші шумағында күн райының қандай құбылысы туралы айтылған?
3. Өлеңнің үшінші шумағында күн райының қандай құбылысы туралы айтылған?
4. Өлеңнің төртінші шумағында күн райының қандай құбылысы туралы айтылған?
5. Өлеңнің бесінші шумағында күн райының қандай құбылысы туралы айтылған?
6. Өлеңнің алтыншы шумағында күн райының қандай құбылысы туралы айтылған?
7. Өлеңнің жетінші шумағында күн райының қандай құбылысы туралы айтылған?
Оқушылардың жауабын мұғалім фишкалар арқылы бағалайды.
Жасыл фишка – «өте жақсы»
Қызыл фишка – «жақсы»
Сары фишка – «нашар, толықтыру керек»
Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылардың шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну мақсаты жүзеге асады.