Мұғалім сабақты жұмбақпен бастайды. Осылайша жаңа сабақ хабарланады.
Мүйiзiнен таралған,
Жанға шипа дәрi алған. (Марал)
Оқушыларды жаңа тақырыпқа енгізу үшін маралдың суретін тақтаға іліп, оны киіктен қалай ажыратуға болатыны туралы талқылау ұйымдастыруына болады. Осы тұста жануардың дене мүшелерінің атауын қоса қайталату артық болмайды. Осы кезде жаңа сөз ретінде «мүйіз», «жайылу», «қоршау»,
«қорық», «еркін жүру» сөздерінің таныстырылып кеткені жөн болады. Суретпен түсіндіруге келмейтін сөздерді қимылмен немесе бейнематериалдар көрсету арқылы ұғындыру қажет болады.
5 мин
Мұғалім-сынып
Негізгі бөлім
Мұғалім оқушылардың назарын келесі кезекте оқулыққа аударады. Оқулықтың алғашқы тапсырмасы ретінде «Ізденейік»айдарымен ұсынылған тапсырма берілген. Аталған тапсырманы орындауда топтық жұмыс түрі оңтайлы болып келеді. Оқушылар тапқан мәліметтерімен бөлісіп, білімін толықтырады. Мұғалім бұл сабаққа арнайы сөздіктер мен энциклопедиялық кітаптарды алып келеді. Сонымен қатар сабақта ғаламторды қолдануға рұқсат етіледі.
7 мин
Топпен
Оқушыларға ұсынылатын оқулықтың келесі тапсырмасы тағы да ізденіске бастайды. Бұл тапсырма негізінен оқушының тыңдалым дағдысын дамытуға арналған. Алайда тапсырманы оқушының оңай орындай алуына қолдау көрсеткіміз келсе, алдымен таныс емес сөздерін анықтап алу мақсатымен тыңдату орынды болады. Осылайша оқушылар сөздіктің немесе ғаламтордағы дереккөздердің көмегіне жүгінеді. Одан әрі тыңдалым мәтіні қайта қосылып, оның жалпы мазмұнын ұғыну тапсырылады. Оқушыларға мейлінше қолдау көрсету мақсатымен тыңдау әрі жүргізіп оқу мүмкіндігі оқулықта қатар беріледі. Аталған тапсырманы орындату барысында 4.1.1.1 оқу мақсаты оңтайлы іскеасады.