Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет246/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

Сабақтың тақырыбы

Сұлулықты сақтайық. (3-тоқсан, 6-тарау). 87-сабақ

Дағды

Тыңдалым

Оқыту мақсаттары

4.1.3.1 Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру
4.1.4.1 Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің нұсқауымен анықтау

Жаңа сөздер

Теке, ешкі, тұяқ, шөл, азаю, жойылу

Алдыңғы білім

Қорықта

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Мұғалім сабақты бастамас бұрын С.Сейфуллиннің мына бір өлең жолдарын оқуына болады.
Қап-қара екі көзі мөлдіреген, Әдемі екі танау желбіреген.
Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды, Жел түрткен жусаннан да селдіреген.

Мұғалім өлеңді оқу барысында өлеңнің мазмұнын ұғуға көмектесетін ым- ишараны, қимылды қосып, оқушылардан қандай жануар болуы мүмкін екендігін сұрауға болады. Әлбетте, 4-сынып оқушылары өлеңді терең түсіне алмайды. Бұл тұста оқушы өлеңнің жалпы мағынасын түсінуі ғана маңызды болмақ. Көзі әдемі жануар туралы оқушылар ойланып, ізденетін болады.


Мұғалім оқушылар дұрыс жауап ұсына алмаған жағдайда өзі жауап береді.

5 мин

Мұғалім-сынып




Негізгі бөлім

Одан әрі мұғалім оқушыларға оқулықта ұсынылған жаңа сөздерді меңгерту жұмысын жалғастыра алады. Киіктің суретін тақтаға үлкейтіп ұсынып, кітаптағы суреттерді пайдаланып оқулықтағы сөйлемдерді оқытады. Оқушылар «лақ», «теке», «ешкі», «тұяқ» сөздерін үйренеді. Жаңа сөздердің санада берік қалыптасуы үшін басқа да қызықты тапсырмаларды мұғалім қосымша ұйымдастыра алады. Мысалы, әріптері шатасқан сөздерді қалпына келтіру немесе қандай әріп қате жазылғандығын анықтату, әріптерді шашып беріп, тез сөз құрату тапсырмаларын түрлендіріп беруге болады.

7 мин

Топпен







Келесі «Сөйлесейік» айдарымен ұсынылған тапсырма орындалады. Негізінде, бұл тапсырманы сөздік жұмысынан бұрын да орындатуға әбден болады. Алайда біз ұстанған рет те берілетін білім сапасына ешқандай нұқсан келтірмейді. Тапсырманың шарты бойынша оқушылар нақты берілген сұрақтар төңірегінде сөйлесіп, пікір алмасады. Пікірлесу барысында жаңа сөздерді қолданып сөйлеу мұғалім тарапынан ұсынылып, қадағаланып отырады.

5 мин

Мұғалім-сынып




«Жаңа сөз үйренейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар сөйлемдерді оқыпғ, өз беттерінше суреттен тауып көрсетеді.










Оқулықтың кезекті тапсырмасы оқушылардың тыңдалым дағдысын қалыптастыруды мақсат етеді. Нысанаға алынатын оқу мақсаты – 4.1.3.1 және 4.1.4.1. Ттыңдалым мәтіні қосылмастан бұрын мұғалім оқушыларға тапсырманың дұрыс орындалу шартын түсіндіреді. Әсіресе, ескеретін жайт, оқушылардың кітапқа жазуына рұқсат етілмейді. Сол себепті, балалардың бос орындарға стикер жапсырып алуына мұғалім уақыт береді (тыңдалым жауаптары осы стикерлерге жазылады). Оқушылар тапсырманың қалай орындалатынын әбден түсінгендігіне көз жеткізгенде ғана тыңдалым мәтіні қосылады. Оқушылар тыңдап отырып кестедегі жоқ мәліметтерді толықтырады, жауаптарын өзгелердің жауаптарымен салыстырып тексереді. Соңында мұғалім тыңдалым мәтінін қайта қосып, дәлелді түрде тапсырманың дұрыс орындалғанына көз жеткізеді.
Тыңдалым мәтіні:
Киік – қойға ұқсас жануар. Моңғолия мен Қазақстанда ғана сақталған. Киіктер шөл және далалық аймақтарда тіршілік етеді. Текелерінің бойы 126–150 см-дей, салмағы 37–49 кг-дай, ал ешкілері кішірек, 109 –127 см-дей, салмағы 22 – 37 кг-дай болады. Текесінің мүйізі бар, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыштау болады, қыста түсі ақшылдау болады. Олар жылына бір рет – мамырдың басында төлдейді.
Киіктер үшін қасқыр қауіпті. Оның жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды.
Киіктің еті – дәмді, мүйізі мен тұяғы, терісі – құнды. Оның мүйізінен пантокрин дәрісін жасайды, тұяғын күйдіріп, теміреткіге жағады.
Үкiмет киіктерді 2006 жылы «Қызыл кiтапқа» ендiрдi. Өйткені олар азайып бара жатыр. Оларды қорғау жұмыстарына 200 миллиондай қаржы бөлінедi.

7 мин

Мұғалім-сынып

Сұрақтар Аудиодиск






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет