«Оқиық және жауап берейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар «балық аулау» әдісі бойынша мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақтарға жауап береді. Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Түрлі түсті қағаздан жасалған балықтарда сұрақтар болады. Ол мұғалім мен оқушының қолында қармақ болады. Қармақтың басында магнит бар. Қармақ қай балыққа тисе, сол балықтағы сұраққа жауап беруі керек.
Сөйлемдерді оқы. Дұрыс мәліметті анықта.
Каспий теңізінде қызыл балық жоқ.
Каспий теңізінің маңында қоқиқаз бен аққу жүреді.
Теңізден итбалықты жиі көре аламыз.
Үйрек пен қаз, қоқиқаз бен аққу теңізге қарағанда көгалды ұнатады.
Теңіздің айналасында қоқыстар қалдыруға болмайды.
7 мин
топтық
Қорытынды бөлім
Бүгінгі сабақты қорыту мақсатында мұғалім оқушыларға бүгінгі тақырып бойынша жетелеу сұрақтарын қояды:
Теңіз қандай?
Теңіз қай қала маңында орналасқан?
Тапсырма ауызша орындалады. Оқушылар бүгінгі сабақтан білген білімдерін қорытып, айтып шығады.
Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: бүгінгі сабақта Не оңай болды? Не қиын
болды?
5 мин
Сынып-мұғалім
Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері
байланыс орнатудың маңызы зор. Рефлексия
«Білім ағашы». Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі. «Білім ағашына» бүгінгі сабақтағыең маңызды деп санаған 3 нәрсені стикерге жазып, жапсырады.
Бағалау критерийлері
Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
Таныс емес сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
Дескрипторы
Тақырыпқа сай сұқбатқа қатыса алады.
Білетін сөздері арқылы мәтіннің жалпы идеясын түсінеді.
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы
жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?