Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет270/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

Сабақтың тақырыбы

Каспий теңізі . 97-

сабақ

[U1]




Дағды

Айтылым және оқылым

Оқыту мақсаттары

4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
4.3.2.1 Таныс емес сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

Лексикалық минимум

Бағалау, көгал, уылдырық, қоқиқаз, кептер, шағала

Алдыңғы білім

Құмырсқаның илеуі

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурс- тары

Кіріспе

«Балалар, бүгінгі сабақ экскурсия сабақ болып табылады. Бүгін біз ойша саяхаттайтын боламыз» – деп мұғалім сабақты бастайды. Тақтада географиялық карта ілулі тұрады. Арнайы көк бояумен ерекшеленген Каспий теңізі ерекше көрінеді. Сан есімдердің қолданысы мен түрлерін таныстырады.

2 мин

Мұғалім- сынып




Негізгі бөлім

«Сөйлесейік» айдарында оқушылар сұраққа жауап беру арқылы сөйлеседі.

  1. Каспий теңізі туралы естідің бе?

  2. Каспий теңізі Қазақстанның қай аймағында орналасқан?

  3. Каспий теңізінің жағасында қандай қала бар?

«Жаңа сөз үйренейік» айдары бойынша оқушыларға суреттер көрсетіледі. Оқушылар суреттер бойынша жаңа сөздерді қайталап, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады.
«Көрсетейік және айтайық» айдарында мұғалім оқушылардың қызығушылығын арттыру арқылы сұрақтарға жауап беруді тапсырады. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушының ойлау қабілеті, айтылым дағдысы дамиды, оқушы естіп, көргендері, оқығандары бойынша Каспий теңізі туралы айтып береді. «Балық аулау» әдісі бойынша оқушылар картамен жұмыстанады. Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Түрлі түсті қағаздан жасалған балықтарда сұрақтар болады. Ол мұғалім мен оқушының қолында қармақ болады. Қармақтың басында магнит бар. Қармақ қай балыққа тисе, сол балықтағы сұраққа жауап беруі керек.
Ескерту: Мұнда тапсырма екі бөлікте орындалады, екіншісі мәтінмен танысқаннан кейін орындалады. А және Ә тапсырмалары болып келеді.
А) 1. Картадан не көріп тұрсың?

  1. Каспий қай маңда орналасқан?

  2. Каспий маңында қандай мемлекеттер орналасқан?

  3. Теңіз неге көк түспен боялған?

5 мин

Жеке

Оқулық






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет