-Балалар, бүгінгі сабақта «Сөздерге қосымшаларды дұрыс жалғай аламын»айдарын басшылыққа алып жұмыстанатын боламыз. Бүгінгі сабақ жарыс сабақ болмақ. Яғни, бүгінгі сабақ қайталау сабағы болғандықтан, өткен сабақтардан алған білімімізді дәлелдейміз. Алғаш тапсырма берілген сөйлемдегі сөздерге тиісті қосымшасын дұрыс жалғау болып табылады. Бұнда 4.5.1.2 мақсаттары жүзеге асырылады. Жарыс сабақ екі топқа не командаға бөлініп
орындалуы тиіс.
2 мин
Мұғалім-сынып
Оқулық
«Сөз тіркесін құрай аламын» Келесі тапсырма сөздер топтамасынан бірнеше сөз тіркестерін мағынасы мен орын тәртібін сақтап құрау сұралады. Бұл тапсырма да екі команданың қайсысы көп сөз тіркесін шапшаң құрай алуына негізделеді.
ҚБ. «Ауызша сөзбен бағалау» – бағалаудың кең таралған түрi. Мұғалiм жаттығуды жақсы орындаған оқушыны мадақтау арқылы ауызша түрде кері байланыс орнатады, сәйкесінше оқушы өзінің осы материалды немесе ақпаратты ойдағыдай меңгергенін түсінеді. Мұғалім жаттығуды орындау барысындағы оқушының жіберген қатесіне ешқандай белгі қоймай-ақ бағалайды. Қорытындысында оқушы одан да биігірек нәтижелерге жетуі үшін не істеу
керектігін ойлайтын болады.
3 мин
Топтық жұмыс
Оқулық
Негізгі бөлім
«Сөздердің мағынасын түсінемін және өзгерте аламын» Келесі тапсырма сөздердің мағынасын түсініп және бастапқы мағынаны өзгерте де қолдана алу шартын көздейді. Мұнда оқушылардың зеректігі мен сөздік қорының молдығы танылады, шапшаң ойлай білу
қабілеттері байқалады.
5 мин
Жеке
Оқулық
Ендігі тапсырма бойынша оқушыларға сөз мағынасын жете түсінгенін анықтау мақсатында сөздердің мағынасын түсінемін және мәндес мағыналы сөздерді тауып айта аламын деген талап қойылады. Және 4.2.1.1 мақсаты жүзеге асырылады.
«Сөздердің мағынасын түсінемін және мәндес сөздерді айта аламын». Бұл тапсырма екі топқа бірдей мәтін ұсынып, онда осыған дейін өткен жаңа сөздерді мәтін ішінен табу, анықтау және мағынасын түсіндіру, мәтінді мазмұндау, мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру арқылы жүзеге асырылады. Мұғалім оқушыларды уақыт белгілеп,
қадағалап отырады.
3 мин
Мұғалім-сынып
Оқулық
«Таныс сөздерге сүйеніп, мәтін мазмұнын түсіне аламын» айдарындағы тапсырмада мәтінді толықтырып оқып, мәтін соңындағы сұрақтарға жауап береді.