Бүгінгі сабақты қорыту мақсатында оқушыларға пысықтау сұрақтары қойылады.
Сапарға шыққан адам нелерді көрді?
Сен сапарға жиі шығасың ба?
Саған сапарға шыққан не себепті ұнайды?
Рефлексия «Білім себеті» – бүгінгі сабақтан үйренген, есте қалған 3 нәрсені стикерге жазып, білім себетінің ішіне салады.
3 мин
Сынып-мұғалім
«Білім себеті», стикерлер
Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Сабақ барысында оқушы үшін жұмысын жандандыру мақсатында кері байланыс
орнатудың маңызы зор.
Бағалау
Бағалау критерийлері
Көптік/тәуелдік/септік жалғаулы сөздерді жазбаша/ауызша тілде қолдану.
Анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру
Дескрипторы
Оқушылар жалғауларды орынды қолданады.
Тақырып бойынша әңгіме құрап айта алады.
Қосымша ақпарат
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4- 5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
4.5.1.2 Көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша
тілде қолдану
Өткен сабақ пен жаңа сабақты ұштастыру мақсатында «Ең ақылды»әдісін пайдалана отырып, өтілген жаңа сөздерді қайталайды. Тапсырма ауызша орындалады. Сыныптың ортасына екі оқушы шығады, сыныптың соңына барып тұрады. Мұғалім екі оқушыға өтілген тақырыпқа қатысты жаңа сөзді айтады. Қай оқушы сол сөздің аудармасын білсе, бір адым алға жылжиды. Кім көп сөз біледі, сол жеңіске жетеді.
«Мен бағытты түсіндіре аламын» тапсырмасын орындауда оқушылар өтілген тақырыптар бойынша материалдарды естеріне түсіреді. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді мағынасы және
орын тәртібіне сай дұрыс қояды.
«Сөздерге қосымшаны дұрыс жалғай білемін» айдарындағы тапсырмада әр топқа сұрақтар жазылған кесте таратылады және әртүрлі бірнеше сөз беріледі. Оқушылар сұраққа сәйкес сөзге
жалғау жалғап, өз ұяшығына дұрыс жазуы керек.
Тірек сөздер:ағам..., кітап..., көше..., орман..., ауыл..., жайлау...,
ағаш..., тау..., өзен..., көпір..., саябақ..., қыз..., атам..., жол... .
Мұғалім топтарды аралап, оқушылардың жұмыстарын бағалайды.
6 мин
Жеке жұмыс
Сұрақтар мен тірек сөздер жазылған кесте
«Заттың, нәрсенің немесе адамның қай жерде екенін түсіндіре аламын» айдарындағы тапсырма оқушының логикалық қабілетінің дамуына ықпал етеді. Оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға арналған тапсырма. Оқушыларға бірнеше сөйлемдер беріледі. Оқушылар көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып айтады. Оқушылар бір-бірінің жауаптарын мұқият тыңдайды, қателері
болса түзетеді, бір-бірін бағалайды.
5 мин
Мұғалім-сынып
«Мен сөздерді көптік мағынада айта және жаза аламын» тапсырмасы оқушының көптік жалғауын қаншалықты меңгергенін тексеруге бағытталған жаттығу. Оқушыларға бірнеше сөздер беріледі, оқушылар қажетті көптік жалғауын жалғап жазады.
Тапсырма жеке орындауға беріледі.
5 мин
Мұғалім- сынып
Сұрақтар
«Сөздердің мағынасын түсінемін» – оқушыларға сөздер беріледі, олар мағыналарын түсіндіреді. Сөздерді тауып оқиды.