Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет132/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

Сабақтың тақырыбы

Зергерлік бұйымдар. (2-тоқсан, 3-тарау) 42-сабақ

Дағды

Оқылым және жазылым

Оқыту мақсаттары

4.3.1.1 Мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу
4.4.1.1 Шағын сюжетті комикс/буклет/ коллаж/жарнама/
презентацияны сөйлемдермен толықтыру

Лексикалық минимум

Мыс, құжат, тиын, маңызды

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек

Алдыңғы білім

Көне ғасыр қонақтары

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Оқулықта ұсынылған «Сөйлесейік!» айдарымен берілген тапсырма оқушылардың зергерлік бұйымдар туралы қарапайым ой-пікірін айту дағдысын дамытуға арналған. Бұл тапсырмада тірек (зергер, моншақ, жүзік) сөздер суреттер арқылы меңгертіледі. Мұғалім оқушылар назарын оқулықтағы суретке аударып, не көріп тұрғандарын сұрайды.
Бұл не?
Осы жерде мұғалім оқушыларға «Зергер» сөзіне ассоциативті
қатар
құруға тапсырма беруіне болады. Оқушылардың жауаптарын тыңдаған соң, мұғалім дұрыс/бұрыс жауаптарды саралай отырып зергердің кім екенін оқушыларға түсіндіруіне болады.
Оқушылардың ықтимал жауаптары:
Бұл – моншақ. Бұл – жүзік.
Моншақты, жүзікті кім жасайды? Мұғалім «зергер» сөзінің мағынасын ұғындыру үшін суретін көрсетеді. Зергер кім? Ол не істейді?
Моншақты, жүзікті зергер жасайды.
Зергер болу үшін адамға қандай қасиеттер керек? Зергер қандай заттарды жасайды?
Бұл тірек сөздерге негізделген сұрақ-жауаптар келесі диалогтік
тапсырманы тез меңгеруге ықпал етеді.

5 мин

Мұғалім-сынып

Суреттер
Оқулық

Негізгі бөлім

«Ойланайық» тапсырмасын орындауда оқушылар ойланып отырып
берілген кестедегі сөйлемдерді салыстырады. Қашан? Сұрағына жауап береді. «бүгін, ертең, бүрсүгіні, арғы күні сөздерін қолданады. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар осы сөздердің қолданылу
аясын түсінеді, қай сөзді қалай дұрыс қолдану керектігін түсінеді. Шақтық мағынаны мұғалім салыстырмалы сөйлемдер арқылы ұғындырады.

5 мин

жұптық жұмыс

Суреттер
Оқулық

«Есте сақтайық!» айдарында оқушыларға келер шақ мағынасы түсіндіріледі. Мұғалім өз тарапынан қосымша жаттығулар әзірлеп әкеліп, ережені жете түсіндіруі үшін қам жасай алады. Мұғалімің шығармашылығына орай оқулық мазмұны толықтырылып не өңделе алады.

5 мин







«Жаттығайық» айдарымен ұсынылған тапсырмада «кешке», «ертең»,
«бүрсігүні», «арғы күні» сөздерін қатыстырып, тірек сөздермен сөйлем құрайды. Бұл тапсырма «Ойланайық» айдарындағы тапсырманы тереңдетудің бір жолы болып табылады. Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, өз сөйлемдерін оқиды. Мұғалім оқушылардың қателерін өздері тапқызып, кері байланыс орнатады.
Үлгі: Ертең сендер сәукеле тігесіңдер. Кешке сіздер текемет
жасайсыздар.

2 мин

Жеке жұмыс

Оқулық

«Оқиық» айдары
Берілген мәтінді рөлге бөліп оқу. Мәтіннің мазмұнын толық
түсіне отырып, тірек сөздерге назар аудару. Мұғалім өзі бірлесе диалогті оқып шығады. Диалог мазмұнымен танысқаннан кейін, өз ойларын дәлелдеу үшін әр топ постер жасайды.
«Оқып, жауап берейік» айдарымен берілген тапсырма бойынша
оқыған білімді тексеру жүзеге асырылады.

10 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық




Оқулықта ұсынылған «Жазайық» айдары оқушылардың алған білімінің нәтижесін көрсететін тұс бола алады. Егер мұғалім сыныптағы оқушылардың білім деңгейінің басымдығын ескеріп, жазылым жұмысын орындатса, бұл тапсырма да негізгі өнімді
сабақ кезеңі болып санала алады.

5 мин







«Сөйлесейік» айдарымен ұсынылған тапсырма осы сабақтың шешуші кезеңі, яғни түгел сабақ бойында алған білімін оқушының айтылым арқылы дәлелдеп беретін сабақ тұсы. Оқушы өздері жазып дайындаған кластер бойынша ретімен баяндайды.

  1. Ең алдымен

  2. Содан соң

  3. Содан кейін

  4. Одан кейін

  5. Ең соңында

Жасаған постерлерін «Автор орындығы» с тратегиясын қолданып, топтың бір мүшесі қорғайды.
«Екі жұлдыз – бір тілек» әдісі арқылы басқа топтар бағалайды.

6 мин









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет