«Оқиық және жауап берейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар өз беттерінше мәтінді бір рет оқып шығады, содан кейін сұрақтардың
жауабын мәтіннен табады. Мәтінді меңгертуді тереңдету, жандандыру мақсатында оқушылар «Сәйкестендіру» тапсырмасын орындайды. Мәтін мазмұнына сәйкес сөйлемдердің жалғасын табады. Оқушылар
сөйлемдердің жалғасын тауып болған соң, топтар тапсырмаларымен ауысады. Олар бір-бірінің жұмыстарын тексереді. Оқушылар бір-бірін
«Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.
7мин
Топтық жұмыс
Сөйлемдер жазылған кесте, түрлі
түсті маркер- лер
«Жазайық» тапсырмасын орындауда оқушылар берілген сұрақтарға жауаптар жазады. Тапсырманы әр топтан бір оқушы тақтада орындаса да болады.
Аңшылар қай кезде аңды тез тауып алады?
Аңшылар қай кезде жүйрік атқа отырады, қолдарына қару алады?
Қай кезде аңдар із қалдырады?
Мұғалім оқушылардың жазбаша тапсырмасын тексереді, қателері болса, оқушылардың өздеріне түзеттіруге әрекет жасайды.
6 мин
Топтық жұмыс
Жазылым тапсырмасы
Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушыларға суреттер береді. Оқушылар суреттерге қатысты сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастырады.
«Жіпке жан бітіру»әдісі арқылы жіп сұқ саусаққа оратылып біткенше аңшылық туралы әңгімелейді.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5сөйлем) баяндау, кері
байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау мақсатын жүзеге асырады.
Оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.