4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау
4.3.2.1 Таныс емес сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
Лексикалық минимум
Аңшы, бүркітші, аңшылық, аң аулау, құлақшын, қашу
Алдыңғы білім
Ғажайып қыс
Пәнаралық байланыс
Дүниетану
Сабақтың барысы
С.кезеңі
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
уақыты
Қар.қат
Оқыту ресурстары
Кіріспе
«Көрсетейік және айтайық» тапсырмасы. Мұғалім жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға интерактивті тақтадан сурет көрсетеді. Олардан сұрайды. Суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар? Адамдардың қолдарында нелер бар? Олар қайда бара жатыр деп ойлайсыңдар? Осы суретті талқылап болған соң, аңдардың терілері, бұғының мүйізінің суретін көрсетуге болады. Оқушылар өз білімдерін пайдаланып сұрақтарға жауап береді, мұғалім оқушылардың жауаптарын толықтырады.
Аталған тапсырма миға шабуыл ретінде жаңа сөздерді меңгеруді көру арқылы жүзеге асыруға көмектеседі.
5 мин
Мұғалім-сынып
Аңшылыққа қатысты суреттер
Негізгі бөлім
«Сөйлесейік»айдарындағы тапсырма – оқушылармен аңшы, аңшылық жайлы сұхбат құруға, оқушылардың аңшылық жайлы білімдерін дамытуға арналған тапсырма. Тапсырма аңшылық тақырыбына бойлау мақсатында ауызша жүргізіледі. Мұғалім интерактивті тақтадан сұрақтарды көрсетеді, оқушылар қалаған сұрақтарына жауап береді, оқушылар дұрыс жауап бермеген жағдайда мұғалім толықтырады. Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалайды.
5 мин
Жеке жұмыс
Бағалауға арналған түрлі түсті фишкалар
Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (Неліктен? Не үшін?) құрастыру және оған жауап беру мақсатын жүзеге асырады.
«Оқиық» айдарындағы тапсырмада, ең алдымен, оқушылардың назары оқулықтағы суретке аударылады. Мұғалім оқушыларға мәтіннің не туралы екенін болжату үшін сұрақ қояды: – Қалай ойлайсыңдар, мәтін не туралы болады? Мәтінде қандай қызықты оқиға туралы айтылуы мүмкін? Оқушылардың болжам жауаптары тыңдалады. Суретке қарап тақырыпты болжату оқушылардың қиялын дамытуға көмектеседі. Оқушылар өз ойларымен бөліседі. Мәтін оқушылардың түсініп оқуына арналған және түсінгендерін сұраққа жауап беру арқылы көрсетеді.
7 мин
Жеке жұмыс
Оқулық
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың таныс емес сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсінуі жүзеге асады.