4.1.1.1 Анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру
4.4.4.1 Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазу
«Тыңдайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар диалогті оқиды. Жұптаса отырып әр жұп диалогті оқып шығады, диалогтегі қарамен жазылған сөздерден ереже құрастырады. Оқушыларға ереже құрастыру үшін А4 парағы үлестіріледі. Тапсырма топта орындалады. Әр топ алдымен оқулықтағы диалогті дамытып айтып береді және өз құрастырған ережелерін қорғайды. Мұғалім оқушыларды тыңдайды, мадақтау сөздері арқылы бағалайды.
Тыңдалым мәтіні: Мәтінді тыңда, жүргізіп оқы. Қарамен берілген сөздерге қарап, ереже құрастыр. Жантөре: Жайна, саған қандай жыл мезгілі көбірек ұнайды? Жайна: Әрине, көктем көбірекұнайды. Жантөре: Не себепті көктемді бәрінен артығырақ көресің? Жайна: Өйткені көктем қысқа қарағанда жылырақ, ал жазға қарағанда салқынырақ. Міне,солай! Жантөре: Меніңше, бәрінен күз мезгілі жақсырақ! Ыстық та емес, салқын да емес. Бәрінен бұрын күзде бау-бақша піседі. Айнала сары алтындай болады. Тезірек күз келсе екен.
10 мин
Мұғалім-сынып
Аудиодиск
Негізгі бөлім
Есте сақтайық!
Мұғалім оқушыларға салыстырмалы шырайдың ережесін түсіндіреді. Мысалдар келтіреді. Оқушылардың естерінде жақсы сақталу үшін оқушыларға сөздер береді, оқушылар өздері жұрнақтарды жалғап айтады.
«Жаттығайық» тапсырмасын орындауда оқушыларға бірнеше сөйлемдерден беріледі. Оқушылар сөйлемдерді қосымшалар жалғау арқылы өзгертеді. Мұғалім оқушылардың сөйлемдерін тексереді, бағалайды (кері байланыс орнатады). «Назар аударайық» айдарымен берілген мәліметтің маңыздылығын мұғалім оқушыларға түсіндіреді. Сөз соңындағы қатаң дыбыстардың қосымша жалғау барысында өзгеріске ұшырауын ұғындырады. Оқулық бетіндегі тапсырма аздық етіп жатса, мұғалім өз жанынан қоса алады. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар 4.4.4.1 Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазу мақсатын жүзеге асырады.
«Көрсетейік және айтайық» тапсырмасында оқушыларға суреттер беріледі. Суреттерді салыстыру арқылы салыстырмалы сөйлемдер құрастырады. Мұғалім оқушыларға мысалдар ұсынады. Мұғалім ұсынған мысалдарды басшылыққа ала отырып, оқушылар өз сөйлемдерін айтады. Тапсырма жазбаша орындалады. Бұл тапсырманы орындауда мұғалім оқушыларды көбірек шынайы өмірмен байланысты мысалдарға айтқызуға бағыттағаны жөн.
Үлгі: Бүгін күн райы кешегіге қарағанда салқынырақ..
7 мин
Мұғалім-оқушы
Мысал
сөйлемдері А3 парағында
жазылады
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға «Ойланайық» айдарындағы тапсырма беріледі. Оқушылар ойлана отырып, сұрақтардың орнына сөздер қойып, сөйлемдер құрастырады.
Рефлексия: «Білім вагоны»