«Анықтайық» айдарындағы тапсырма оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту мақсатында берілген. Тапсырманы орындау барысында оқушылар сабақтың басында меңгерген жаңа сөздерді қолданып сөйлеуіне жағдай туғызу керек. Тапсырма сыныппен және топпен орындауға арналған. Бұл тапсырманы әр сурет бойынша жеке топтарға бөліп беруге болады. Оқушылар оқулықта берілген сурет бойынша жаңа сөздерді қолданып, «Ортақ шаңырақ», «Біздің көше», «Қазақтың даласы», «Әсем табиғат» тақырыптары аясында сөйлейді.
Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалайды.
«Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Тамаша!», «Жақсы!», «Талпын», «Жауабыңды толықтыр!» т.б. (Мұғалімнің қалауы бойынша).
5 мин
Топтық жұмыс
Негізгі бөлім
«Жазайық!» айдары. Оқулықта келесі ұсынылатын тапсырма алдыңғы тапсырмамен тығыз байланысты болып келеді. Балалардың салған суреті туралы балалар сөйлем құрастырып жазады. Осы тұста оқушылар сабақ басында танысқан жаңа сөздерін қайта қолданады. Бұған дейін ауызша айтып берген мәліметтерін жазбаша түрде жеткізіп, жазу дағдыларын дамытады. Кестеге сүйеніп, балалар туралы мәліметті
дәптерлеріне жазады.
5 мин
Жеке
«Сөйлесейік»айдарында ұсынылып отырған тапсырма оқушылардың сөйлесім дағдысын дамытуға, ойлау дағдысын жетілдіруге, оқушының өз ойын жасқанбай айтуына, қорытынды жасай білуге бағытталған. «Неліктен?» деген сұраққа жауап беру арқылы оқушының сыни ойлауы қалыптасады. Оқушылар қазылар алқасының орнында болса өздері қандай мазмұндағы
суретті үздік деп танитындықтарын әңгімелейді.
7 мин
Мұғалім-сынып
Оқулық
«Тыңдайық» айдарында ұсынылып отырған тапсырма оқушылардың тыңдау арқылы есте сақтау дағдысын жетілдіруге арналған. Оқушылар диалогті тыңдайды, қандай таныс сөздердің есінде қалғандығын атап айтады.