Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет33/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

Сабақтың тақырыбы

Рәміздер туралы білім сайысы. (1-тоқсан, 1-тарау)
5-сабақ

Дағды

Оқылым мен айтылым

Оқыту мақсаттары

4.2.2.1 Берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру
4.3.2.1 Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

Лексикалық минимум

Барыс, тұлпар, қыран, құрметтеу, тіршілік ету, үлгі ету

Алдыңғы білім

«Мемлекеттік рәміздер»

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, жаратылыстану

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға «Анаграмма» беріледі. Ол анаграммада оқушыларға таныс және таныс емес сөздер беріледі. Оқушылар өздеріне таныс сөздерді сары түспен, таныс емес сөздерді жасыл түспен белгілеп шығады.
Қ Ы Р А Н Б А Т С У Т А Ұ Ә А Е Н Г М А Г У Ң Ғ Ұ Һ Л Н
Ә Ң І П Т Р Е Л Т А Ң Б А Ұ С М Т Ь Б Ы Ч Я Ю Д Ж Э Н Р
Я Ф Й В А С Е Л Б А С Ы П А
Т Ұ Л П А Р М И Т Ь Б Ю В Н
Қ Ұ Р М Е Т Т Е Й Д І Ф Х А
Ш А Ң Ы Р А Қ М В Ф С П Е Ц
Жаңа сөздерді белгілеп алған соң, қайталап, сөз тіркестерін құрастырамыз.

5 мин

Мұғалім-сынып

Анаграмма




«Сөйлесейік» айдарында оқушылармен интеллектуалды ойын ойнаймыз. Әр топ өзі кімнің тобында болатынын таңдауына болады (Расул, Дина, Медет суреті оқулықта берілген) немесе мұғалім мұны өзі ұйымдастырады. Сонымен қатар мұғалім осы сабақ бойында қолданылатын жаңа сөздермен оқушыларды таныстырып кетеді. Оқулықта сұрақ нөмірі жарысатын Дина, Расул, Медет нөмірлеріне сай берілген. Демек, сол оқушылардың тобына қарасты оқушылар төмендегідей сауалдар төңірегінде ойланып, бұрыннан білетін сөздік қорларын қолданып өз жауаптарын береді.

  1. Барыс қандай аң?

  2. Қыран қандай құс?

  3. Тұлпар қандай жануар?

Оқушылар осы кезеңде өздерінің білетін білімдерін ортаға салады және осылар туралы не білетінін ортаға салғаннан кейін өзара бағалау жүзеге асады.
4.2.2.1 берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа
монолог құру оқу мақсаты игертіледі.

5 минут




Оқулық























































































































































































































































































































































Негізгі бөлім

Мұғалімнің нұсқауымен оқушылар келесі 2-тапсырмаға көшеді. Бұл кезеңде оқушыларға ойлантатын сұрақ беріледі. Оқушылар өз болжамдарын айтып, жауап беретін болады. Бұл тапсырманы орындауда оқулықта нақты қолданып сөйлеуге ұсынылған құрылым беріледі. Осы құрылымды тілге тиек ету арқылы оқушылар өз ойларын әрі қарай сабақтайды.

  1. Қазақ халқы барысты аса құрметтейді. Өйткені.....

  2. Қазақ халқы қыранды аса құрметтейді. Өйткені.....

  3. Қазақ халқы тұлпарды аса құрметтейді. Өйткені.....

4.2.2.1 берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру оқу мақсаты жүзеге асады.

5 мин

Жеке

Оқулық

«Оқиық» айдары – оқушылардың оқылым дағдысын дамытуға бағытталған және бұл оқушылардың алдыңғы тапсырма бойынша сөйлесімдерін толықтыратын, қосымша мәліметпен қамтамасыз ететін тапсырма. Оқушылар мәтінді оқылым әдістерін қолданып мұқият оқиды, мәтінге сай берілген бірнеше тақырыптардың ішінен өз таңдауын жасайды, өз мәтіндеріне сай тақырып таңдайды.
Мәтінді оқушыларға «Джигсо» әдісі арқылы меңгертуге болады.
«Джигсо» әдісі ақпарат алу мен пысықтауға, оқығанды есте сақтау үшін ұмтылу, жауапкершілік дағдысына баулуға, ойлауға ықпал етеді. Оқытудың осы ұжымдық әдісін жүзеге асыру мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, кейін ұжымда талқылау, үйрену және үйрету. Бұл жағдайда әрбір оқушы өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әр топқа әртүрлі мәтін беріледі. Әр топ өз мәтіндерін мұқият оқып, түсініп болған соң, басқа топқа барып, өз мәтінін баяндап береді. Осылай топтар өзара алмасып, бір-біріне өздерінің мәтінін баяндап береді, сонымен қатар, оқушылар алдыңғы тапсырманы орындау барысында қаншалықты дұрыс мәлімет бере алғандарына есеп береді. Өз жауаптарын, өзге топ жауаптарын салыстырады, бағалайды.
Мәтінді тыңдап отырған топ мәтін бойынша 3 сұрақ құрастыруы керек. Егер мәтінді дұрыс тыңдамаса, сұрақ құрастыра алмайды. Мұғалім оқушыларға барынша қолдау көрсетеді, көмекті қажет ететін оқушыларға бағыт-бағдар береді. Оқушылар бір-бірін
«Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. 4.3.2.1 бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну оқу мақсаты
жүзеге асады.

10 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық. Әртүрлі мәтіндер жазылған


парақшалар немесе оқулық

«Оқиық және жауап берейік» айдарында ұсынылып отырған тапсырма ауызша орындалады. Тақтадағы ұяшықтарда мәтін бойынша сұрақтар жазылып тұрады. Оқушылар осы сұрақтарға жауап беруі керек.

5 мин

Мұғалім- сынып

Сұрақтар жазылған плакат






«Жаттығайық» айдарындағы тапсырма грамматиканы бекітуге бағытталған. Оқушыларға тақырыпқа қатысты бірнеше сөздер беріледі. Оқушылар осы сөздерге көптік жалғауын жалғап, кесте бойынша іріктеп жазып шығады.
Батыр, халық, ұлт, барыс, қыран, ағаш, аң, жігіт, ту, елтаңба, сурет,
көрме, тау, т.б.

5 мин

Жеке жұмыс. Жұптық жұмыс
Сынып

Көптік жалғау- лары жазылған кесте






-лар,-лер

-дар,-дер

-тар,-тер































Қорытынды бөлім

Сабақты қорыту және есте сақтауды дамыту мақсатында оқушыларға бүгінгі сабақ бойынша «Жіпке жан бітіру» әдісін пайдаланып, ойын ойнатылады. Әр топтан оқушыларға 10–12 см- лік жіп беріледі. Әр топтан 2 оқушыдан бүгінгі сабақтан үйренген- білгені бойынша жіп саусағына оратылып біткенше «Не білемін? Не есімде қалды?» сұрағы бойынша айтады.
Рефлексия
«Пирамида» әдісі. Оқушыларға пирамидалар таратылады. Оқушылар пирамиданың ішіне бүгінгі сабақ бойынша өздері білген бір нәрсе мен бүгінгі сабақта үйренген екі нәрсе туралы жазады.

Мен білетін бір нәрсе




Мен үйренген екі нәрсе

3-5 мин

Сынып-мұғалім

Ұзындығы 10-
12 см тоқыма жіп
Әр оқушыға арналған
рефлексия парақшасы

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру
Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Сабақ барысында оқушы үшін жұмысын жандандыру мақсатында кері байланыс
орнатудың маңызы зор.

Бағалау

Бағалау критерийлері

  1. Берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру.

  2. Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну.

Дескрипторы

  • Тірек сөздердің мағынасын түсінеді.

  • Нақты тақырып көлемінде ойын жеткізе алады.

  • Оқыған шағын мәтіндер бойынша сұрақтарға жауап бере алады.

Қосымша ақпарат

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?







Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпараттар алдым?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет