Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет298/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

«Жаңа сөз үйренейік» айдары бойынша оқушылардың үйренген жаңа сөздерін санада тұрақтандыру көзделеді. Ас мәзірі жазылған ғарыш тағам түрлерін бөлек- бөлек үлкен жазумен жазып, тақтаға подностың ішінде тұрғандай етіп, төртбұрыш ішіне магнитпен жапсырып не суреттер арқылы көрсетіп, бүгінгі жаңа сөздерді қайталау жүзеге асырылады (ас мәзірі, сықпа). Сонымен қатар сұрақтар мен сұраулық шылауларды да «Орнын тап» тапсырмасымен қайталатады.

3 мин

Мұғалім-сынып

Тақтада- ғы не кесте
бойынша дұрыс-
бұрысын табады, түсінігін дәлел-
дейді

«Оқиық» айдары 4.3.1.1 оқу мақсатын жүзеге асырады. Мәтінді түсініп оқу арқылы оқушылар күнделікті тағам түрлері мен өздерінің ас мәзірлерінен ғарыштағы ас мәзірінің ерекшелігін таниды, жаңа сөздерді санада бекітеді. Ол тағам түрлерінің неліктен осы бағытта дайындалу себептерін танып біледі, дүниетанымдарын кеңейтеді. Ғалымдардың ой ұшқырлығын айта отырып оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын оятып, кәсіби мамандық иесі болуларына да жол сілтеуге болады. Осы орайда оқушылардан оқылым мәтіні бойынша білгісі келетіндері немесе сауалдары бар не жоғы сұралып, мұғалім өзі оқушы жетістіктерін
жазып, белгілеп отырады.

5 мин

Жеке ж. Жұптық жұмыс Сынып

Оқулық




Келесі «Оқиық және жауап берейік» айдары 4.3.2.1 мақсатын жүзеге асырады. Мұнда оқыған мәтін бойынша сұрақтар дайындау және мәтін бойынша жауап беру көзделеді. Сұрақтар қоюда сұрақтардың орынды қойылуы және сұраулық шылаудың дұрыс пайдалануы қадағаланады. Оқушылардың құрастырған сұрақтарын сыныптың қабырғасына іліп, оның иесі кім екеніне көңіл бөлмей, жазған сөйлемнің дұрыс немесе бұрыс құрастырылғанын жете тексеріп, оқушылардың білімі пысықталады. Бұл орайда оқушылар бірін-бірі тексеріп, өзара кеңес беру қызметі ұйымдастырылады. Бұл тапсырма бойынша оқушылардың өз жетістіктерін бағамдап беруіне мүмкіндік туғызып, өзін-өзі бағалаудың да оңтайлы бір үлгісін қолданған жөн болады. Мәселен, мұғалім баспалдақ ұсынып, оқушылардың өздерін қай сатыда сезінетінін сұрауға болады. Осылайша оқушылардың басым көпшілігіне ортақ мәселе (проблема) анықталып, алдағы уақытта (тіпті алдағы сабақтарда) мұғалім бұл тақырыпты оқушылардың жетік игеруіне жағдай
жасайды.

7 мин

Жұптық Жұптық жұмыс Сынып

Оқулық

Қорытынды бөлім

Оқушыларға сабақ соңында мұғалім түрлі сөйлемдер жазылған карточкалар беріп, ондағы сөйлемдерге қатысты тыныс белгілерді қою тапсырмасын бере алады. «Шығу билеті» парақшасын үлестіріп, оған жауап жаздыру арқылы сабақты қорытады.
Мұнда «Шығу билеті» деген билетке Сіз бүгін не үйрендіңіз? Сіз тағы не білгіңіз келеді? сұрақтары жазылады. Оқушылар осы сұрақтарға жауап жазып, мұғалімге сабақ соңында тапсырады.
Оқулық соңында ұсынылған «Анықтайық» және «Есте сақтайық» айдарлары оқушының бұрынғы сыныптардан алған білімдерін пысықтау, санада тұрақтандыру мақсатымен қосымша ұсынылады.

3 мин

Сынып-мұғалім




Қосымша ақпарат

Бағалау критерийлері
4.3.2.1 Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
4.5.1.5 Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай
және құрмалас сөйлем құрастыру

Дескриптор

  • Шағын мәтіннің жалпы мазмұнын түсінеді.

  • Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және
неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет