Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет30/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

«Жаңа сөз үйренейік» айдарында оқушылар мұғалімнің көмегімен мәндес сөздердің мағынасын түсінеді. Мысалы: ел- мемлекет, еркін-тәуелсіз. Мұғалім оқушыларға осы сөздердің мағыналарын түсіндіреді. Оқушылар оқулықта берілген мәтінді оқу арқылы Қазақстанның рәміздері туралы қысқаша мәлімет алады. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: Балалар, «Мәңгілік ел» дегеніміз не? Қалай түсінесіңдер? Оқушылар өз ойларына қарай мәңгілік елді қалай түсінетіндерін айтады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын толықтырады. Оқушыларды бағалау мақсатында мадақтау сөздерін қолданады.
Дұрыс жауап: Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Мемлекеттік Рәміздер – еліміздің тәуелсіздігін білдіретін символдар. Мен Қазақстанның ұланымын. Елімді мақтан етемін, Оның
«Мәңгілік ел» болғанын қалаймын. Мұғалім гимннің авторлары жайлы мәлімет береді. Гимннің сөзін жазған: Н.Ә. Назарбаев, Ж. Нәжімеденов, әнін жазған: Ш. Қалдаяқов (осыны оқушыларға
бірнеше рет қайталатады).

5 мин

Жеке

Қазақстан Республикасына


қатысты суреттер,
«Мәңгілік ел» деген жазу немесе плакат




«Есте сақтайық!» айдары бойынша мұғалім грамматиканы қолданыстық тұрғыда меңгертеді. Алдымен оқушыларға -дар/- дер, -тар/-тер, -лар,/-лер жалғауларының дұрыс жалғану реті көрсетілген кесте көрсетіледі. Мұғалім кестедегі ережені басшылыққа ала отырып, «Сәйкесін тап» әдісі бойынша оқушылар сөздер мен қосымшаларды сәйкестендіреді.

5 мин

Мұғалім–сынып







Оқулық, көптік
жалғаулары
жазылған плакат

Мұғалім оқушыны сынып алдында қымсынбай жауап бере алуға жетелейді. Тапсырманың орындалу барысында мұғалім топтарды аралап қолдау көрсетеді, түзету, бағыттау, кестені қолдана отырып, білуге үйрету жұмыстарын жүргізеді. Осы тапсырмадан кейін грамматиканы бекіту мақсатында оқушылармен «Жылдам доп» әдісін қолдана отырып, ойын ойнатуға болады. Әр топтан 3 оқушыдан шығады. Мұғалім оқушыларға допты лақтырып бір сөзді айтады, допты қағып алған оқушы сол сөзді көптік мағынасында айтуы керек. Осылай ойынға шыққан барлық оқушылар айтып болғанша, жылдам ойнатып шығуға болады. Бұл ойын арқылы оқушының білімі
артып, өз-өзіне сенім пайда болады.

Доп



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет