«Жаттығайық»айдарында ұсынылған сурет желісі бойынша үлгіге қарап жазу жұмысы беріледі. Онда оқушыларға зиянды қалдықсыз заттарды қолдану не өндіру мақсатында болашақта сусындар тек қағаз қораптарда ғана болады. Өйткені қағазды қайта өңдеуге болады.
Болашақта дүкендер болмайды. Өйткені адамдар ғаламтор арқылы сауда жасайды. Деген мысалдар беріліп, олардың жаңаға деген көзқарастарын қалыптастыру, ойлай отырып жазу дағдысын ұштау көзделеді.
Мұғалім оқушыларды «Жарайсың!», «Бәрекелді!», «Өте жақсы!»,
«Жақсы!» деген мадақтау сөздермен бағалап отырады.
Мұғалім оқушыларды «3-2-1» арқылы бағалайды. Ол төменде көрсетілгендей жүзеге асырылады:
Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат; Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 нәрсе;
Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?
4.2.1.1 Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
4.1.3.1 Тыңдаған материалдың ұзақтығы (2-2,5 мин), мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру
4.4.3.1 Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің тыныс белгісін (үтір, қос нүкте), қаратпа сөзден кейінгі сөйлемнің тиісті тыныс белгілерін қолдану
4.5.1.2 Көптік\тәуелдік\жіктік\ септік жалғаулы сөздерді ауызша\жазбаша
қолдану