Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет355/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

«Анықтайық» айдарында Тілеухан оқушыларға өзінің болжам жасаған суреттерін көрсете отырып, «Ойлан» айдарындағы сұраққа жауапты осы суреттен таптыруды көздейді. Оқушылар суретке зер сала қарап, қызыл түсті белгісі бар (алысты жақындатқыш лупалы дүрбі, әмиян, көзәйнек, тақия) сынды заттарды алып, концертке баратын күндерін белгілегенін
анықтайды.

5 мин

Мұғалім- сынып

Сурет


«Сөйлесейік» айдарындағы тапсырмада Тілеухан оқушылардың жұптаса отырып, төмендегі берілген сұрақтарды парталас көршілерімен талқылап жауап бергендерін талап етеді. Мысалы:
-Сен алға жоспар құрасың ба?
-Жоспарыңды қайда белгілейсің?
-Жоспарыңда әдетте қандай істер болады?
Оқушылар бір-бірін «Жұлдызша», «Төртбұрыш», «Үшбұрыш» белгілерімен бағалайды.

3 мин

Мұғалім-сынып

Оқу- лық

«Көрсетейік және айтайық» айдары бойынша Тілеухан оқушыларға өз күнтізбесіне сай болашаққа құрған жоспарын ұсынып, күнтізбеге белгілетеді және сол жоспар негізінде оқушылардың өздерінің болашақ жоспарларын құрып үйренулерін сұрайды.
Мысалы: Тілеухан жоспарынан (Аптасына 4 рет жаттығу залына бару. Аптасына бір рет кітапханаға бару) және оны әртүрлі түстермен бояп
ерекшелетеді.

5 мин

Жеке жұмыс Жұптық жұмыс
Сынып

Оқу- лық




«Жаттығайық» айдары бойынша Тілеухан балаларға өзі бастап жазған алдағы жоспар үлгісін ұсынып, олардың да өзбетінше алдағы айға қандай жоспарлары бар екенін айтып беруді өтінеді. Бұл жазылым алдындағы пысықтау тапсырмасы болып саналады. Мұнда 4.2.4.1 мақсаты жүзеге асырылады. Мұнда оқушылар «Броунд қозғалысы» әдісі арқылы бір-
бірінің жазған жоспарларымен таныса алады.

7 мин

жұптық Жұпт.ж. Сынып

Оқу- лық

«Жазайық» айдарында осы ойларын пысықтап, қағаз бетіне түсіру
«Менің күнтізбелік жоспарым» атты жазба жұмысына оқушылар жұмылдырылады. Бұл орайда 4.4.2.1 мақсаттарының орындалуы көзделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет