Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет37/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

«Жаттығайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар сөздерге көптік жалғауларын жалғайды. Мұғалімнің қолдауымен көптік мағынаның қалай жасалатынын түсінеді. Жаттығуды орындау
арқылы түсінігін орнықтырады. Тапсырма жазбаша орындалады.

5 мин

Жеке







«Сөйлесейік» айдарындағы тапсырма грамматиканы қолданыстық тұрғыда бекітуге берілген. Сонымен қатар оқушының логикалық қабілетінің дамуына ықпал етеді. Оқушылардың назары оқулықтағы суретке аударылады. Оқушылар грамматикалық біліммен қатар айтылым дағдысын дамытады. Оқушылар суретте нелер бар екенін грамматикалық білімдерін қолдана отырып айтып
береді.

5 мин

Мұғалім–сынып

Оқулық

«Көрсетейік және айтайық» тапсырмасы оқушының өз ойын еркін жеткізуге, сөздік қорын молайтуға арналған. Оқушылар сурет бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.

  1. Көпірлерде көліктер бар ма?

  2. Жолда бұрылыстар көп пе?

  3. Бұрылыстарда көлік кездесті ме?

  4. Далада мал жүр ме?

  5. Өзендерде балық бар ма?

Саралау тапсырмасы. Білім деңгейі жоғары оқушылар осы
берілген сұрақтарға толық жауап береді. Білім деңгейі төмен оқушылар қысқа иә/жоқ деп жауап береді.

3 мин

Мұғалім-сынып

Сұрақтар

«Есте сақтайық» айдарымен берілген ереже формуласын пайдаланып, мұғалім оқушыларға алдыңғы сабақта таныс болған – да/-де/-та/-те қосымшаларын көптік мағынаны үстейтін қосымшадан кейін де жалғап, қай кезде қолдануға болатынын түсіндіреді. Осылайша бұрыннан білетін білім негізінде жаңа білім беріліп, сабақтар арасында да сабақтастық орнайды.
Бұрылыс+тар+да, көлік+тер+де, орман+дар+да, өзен+дер+де,
тау+лар+да, көше+лер+де

5 мин

Жеке ж.
Сынып

Ереже жазылған плакат




«Жаттығайық» тапсырмасын орындауда оқушыларға сөйлемдер
беріледі. Сөйлемдердегі кейбір сөздер жақшаның ішінде жазылған, оқушылар жақшаны ашып, сөздерге тиісті жалғауларды жалғап
жазады. Бұл оқушылардың сауатты жазуына, көптік, септік
жалғауларын қолданыстық тұрғыда сауатты қолдана білуіне ықпал етеді.

5-7 мин




Оқулық




«Тыңдайық және сөйлемді толықтырайық» – оқушылар берілген мәтінді 1 рет мұқият дискіден тыңдайды. Тыңдап болған соң, тыңдалымнан кейінгі тапсырманы орындайды. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып шығады.
Сөздер санмен беріледі. Оқушылар сандардың ретіне қарай қажетті сөздерді қойып шығуы қажет.
Тапсырманы орындау барысында оқушылар 4.1.1.1 Анық айтылған
сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру оқу мақсатын игереді.

7 мин




Тыңдалым мәтіні


Аудиодиск




«Сөйлесейік» тапсырмасы оқушылардың тыңдаған мәтін бойынша ақпаратты қаншалықты есте сақтағандығын тексеруге бағытталған. Тапсырма ауызша жұпта орындалады. Әр жұп бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді.

  1. Қазақстандағы қалаларда не бар?

  2. Қазақстандағы ормандарда қандай аң кездеседі?

  3. Қалаларда көшелер қандай?

  4. Ауылда нелер өсіреді?

(Сыныптың білім деңгейіне қарай сұрақтар санын көбейтуге, күрделендіруге немесе қарапайым түрде беруге болады)

5 мин




Конверттегі сұрақтар



Қорытынды бөлім



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет