«Оқиық» айдарындағы «Өлеңді түсініп оқы» тапсырмасы Тоқаш Бердияровтың «Шегарашы» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнын түсінуге бағытталған. Өлеңді алдымен мұғалім өзі мәнерлеп оқиды. Оқушылар мұқият тыңдайды. Мұғалімнен кейін оқушылар да өлеңді тізбектеп
оқиды.
3-5 мин
Мұғалім- сынып
Оқулық
«Оқиық және жауап берейік» айдарында оқушылар «Сәйкестендір» әдісі бойынша өлең жолдарын сөйлемдермен сәйкестендіреді. Бұл
тапсырманы орындағанда оқушылар өлеңнің мазмұнын ғана түсініп қоймай, сәйкестендіруді үйренеді.
Сөйлемдерді оқы. Оларға сай келетін өлең жолдарын тап.
Ол шегараны қорғайды, қауіпті адамдарды өткізбейді.
Өскен соң шегарашы ағаларға көмектесемін.
Әскер елдің тыныштығын сақтап тұр.
Шегарадағы ағаларға хат жаз, олар қуанып қалады.
3 мин
Оқушы-оқушы
Оқулық
«Сөйлесейік»айдарындағы тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс
істейді. Оқушылар оқулықтағы суреттерді пайдалана отырып сұрақтарға жауап береді. Шегарашының не істейтінін өз сөздерімен айтып бере алады.
5 мин
Жұптық жұмыс
Оқулық
Қорытынды бөлім
Бүгінгі сабақты қорыту мақсатында мұғалім оқушыларға «Жаз» тапсырмасын орындауға тапсырма береді. Оқушылар өлеңді, оқулықтағы суреттерді, тірек сөздерді пайдалана отырып «Шегарашы» тақырыбы бойынша сөйлемдер құрап жазады. Тірек сөздер: кең дала, шегарашы, қорғап тұр, хат жолдау, көмектесу.
Рефлексия: «Бес саусақ» әдісі Үйге тапсырма ретінде «Шегарашы» өлеңін жаттауға беруге болады.
3 мин
Сынып-мұғалім
Рефлексия:
«Бес саусақ»
Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Сабақ барысында оқушы үшін жұмысын жандандыру мақсатында кері
байланыс орнатудың маңызы зор.
Бағалау
Бағалау критерийлері
4.5.1.2 Көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
4.3.2.1 Оқыған/аудио/бейнематериалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу
Дескрипторы
-ды/-ді/-ты/-ті қосымшаларын қолдана біледі.
Оқыған мәтінінің
мазмұнын жаза
алады.
Қосымша ақпарат
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?
Сабақтың тақырыбы
Қайталау. (1-тоқсан, 1-тарау)
16-сабақ
Дағды
Айтылым және грамматика
Оқыту мақсаттары
Мұғалімнің қолдауымен шылауларды, көмекші сөздерді ажырату, ауызша/жазбаша тілде қолдану
Көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәлметті (4-5 сөйлем баяндау), кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
4.2.1.1 Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу
және сөйлеу барысында қолдану
Лексикалық минимум
Алдыңғы білім
Шегарашы
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, өнер, өзін-өзі тану
Сабақтың барысы
С.кезең
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
уақыты
Қар.қат
Оқыту ресурстары
Кіріспе
«Айналаны сипаттап айта аламын» айдарындағы тапсырма бөлім бойынша өткен білімді қайталауға, жинақтауға, оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға арналған. Тапсырманы бүкіл сынып орындайды. Мұғалім оқушыларға үйдің, театрдың, ойын алаңының, қонақүйдің, мейрамхананың, сауда үйінің, жолдың суреттерін көрсетеді, сурет бойынша бұрынғы қалыптасқан білімдерін пайдаланып, айналаны, ненің жанында не орналасқаны жөнінде айтады. Оқушылар әңгімелеу барысында көмекші есімдерді дұрыс қолдана білуі қажет екенін мұғалім ескертіп айтады. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: «Неліктен мен сендерге осы отбасы мүшелерінің суретін көрсетіп отырмын, қалай ойлайсыңдар?» – деп, оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын болжатады. Оқушылар тақырыпты болжаған соң мұғалім бүгінгі сабақтың
тақырыбын айтып, мақсатын түсіндіреді.
2-6 мин
Мұғалім-сынып
Жаңа сөздерді
түсіндіруге қажетті суреттер
«Кімде? Неде?Қайда » сұрақтарын қолдана аламын. Бүгінгі сабақтың жаңа сөздерімен таныстырады.
«Кімде? Неде? Қайда?» айдарындағы тапсырманы орындауда суреттерді көрсете отырып айту дағдысы дамиды, сұрақтарға жауап беру дағдысы дамиды, түсініктері кеңейеді, сөздік қорлары молаяды. Мұғалім оқушыларға үлгі береді. Оқушылар үлгіні пайдаланып, өз мысалдарын айтады. Әр топқа әртүрлі үлгілер таратып беруге болады. Әр топтар өз үлгілері бойынша сөйлейді.
Үлгі: Менің қарындасым. Менің қарындасымның ролигі.
Менің әкем. Менің әкемнің мейрамханасы. Менің атам. Менің атамның досы.