Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау


«Кімнің? ненің? сұрағына жауап беретін сөздерге қосымша жалғай білемін»



бет59/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

«Кімнің? ненің? сұрағына жауап беретін сөздерге қосымша жалғай білемін» тапсырмасын орындауда оқушыларға бірнеше сөйлем беріледі. Сөйлемнің ішіндегі бірнеше сөздерге жалғаудың орнына көп нүкте беріледі. Оқушылар сұраққа қарай көп нүктенің орнына қажетті жалғауларды жалғайды. Тапсырма жазбаша орындалады. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың ілік септігі жалғаулары туралы
түсініктері кеңейіп, білімдері бекиді.

5 мин

Жеке




«Тұрмыстық заттардың және бөлмелердің атауын білемін» айдарындағы тапсырманы орындау оқушылардың бөлмелер атауын еске түсіруге бағытталған. Оқушылар өз үйінің сызбасын сызу арқылы өз үйіндегі бөлмелер туралы айта алады. Тапсырма оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға бағытталған. Өз үйлері туралы айту арқылы оқушылардың бөлмелер атаулары түсінігі кеңейеді, сөздік қоры молаяды. Осы тапсырманы орындауда оқушылар бір-бірін «Екі жұлдыз – бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.

5 мин

Мұғалім-сынып








«Мен заттың өзімдікі немесе өзгенікі екенін түсіндіре аламын» тапсырмасын орындауда оқушыларға кесте беріледі, оқушылар кестені толтыру арқылы тәуелдік жалғауларын қолданыстық тұрғыда үйренгендерін еске түсіреді. Оқушылар берілген сөздерді көпше түрде тәуелдейді. «Сөйлемдерді толықтыр» тапсырмасын орындауда оқушылар көп нүктенің орнына
қажетті сөздерді қою арқылы тәуелдік жалғауды қайталайды.

5 мин

Мұғалім-сынып

Сұрақтар




«Өзім, үйім, отбасым, елім туралы мәлімет бере аламын» тапсырмасын орындауда оқушылар осы тақырыптар аясындағы сұрақтарға жауап бере алады. Тапсырма ауызша орындалады. Тапсырма оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға, өткен тақырыптарды еске түсіруге бағытталған. Осы тапсырманы орындау үшін мұғалім «Мина» әдісін қолданады. Оқушылар сыныптың ортасында шеңбер бойымен тұрады. Әртүрлі сұрақтар жазылған қағаздар умаждалып еденде шашылып жатады. Мұғалім бір оқушының көзін байлайды. Көзі байланған оқушы әрі-бері жүрген кезде қай қағазға аяғы тисе, сол қағазды алып, ішіндегі сұрақтарға жауап береді. Бұл әдіс оқушылардың қызығушылығын тудырады. Оқушылар белсенділік танытып, бұл ойынды құлшыныспен орындайды. Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арықылы бағалайды.
-Қазақстан қандай ел?
-Қазақстанның қалалары қандай аймақтарда орналасқан?
-Қандай көрікті жерлерді білесің?
-Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?
-Қазақстанның рәміздеріне нелер жатады?
-Қазақстанның туында не бейнеленген?
-Қазақстанның Елтаңбасында не бейнеленген?
-Қазақ халқы барысты не себепті құрметтейді?
-Шегарашы деген кім? Ол қандай қызмет атқарады?

6 мин

Оқушы-оқушы

«Мина» әдісіне қажетті сұрақтар жазылған парақтар, орамал

Қорытынды бөлім

«Заттың немесе адамның қаншалықты алыс немесе жақын тұрғанын түсіндіре аламын» тапсырмасын орындауда оқушылар әртүрлі алыс/жақынды меңзейтін заттар мен адамдардың суреттері көрсетіледі. Оқушылар суретке назар аудару арқылы олардың алыс немесе жақын тұрғанын сілтеу есімдіктерін қолдану арқылы айта алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет