4.3.4.1 Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс- әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру
4.5.1.5 Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас
сөйлемдер құрастыру
Лексикалық минимум
Осындай, ұрыншақ, сотқар, қызғаншақ, жалқау
Алдыңғы білім
Қайталау
Пәнаралық байланыс
Өзін-өзі тану
Сабақтың барысы
С.кезең
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
уақыты
Қар.қат
Оқыту ресурстары
Кіріспе
Жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға жаңа сөздер ұсынылады. Оқушылардың назары оқулықтағы жаңа сөздерге аударылады.
«Жаңа сөз үйренейік» айдарында мұғалім оқушыларға жаңа сөздерді тиімді меңгерту үшін жұмыс істейді. Мұғалім оқушылар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алатынын ескереді. Үйренген сөздерін қолдануға мүмкіндік жасайды, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, жаңа сөздерді көбірек қолдануға дағдыландырады, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді. Сонымен қатар жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз етеді. Мұғалім оқушыларға жаңа сөздерді сурет арқылы меңгертеді (жомарт, қызғаншақ, сотқар, жалқау, еңбекқор).
6 мин
Мұғалім-сынып
Қуыршақ, жаңа сөздерді меңгертуге
қажетті суреттер