Мақсаты: білім-дағдыларын бекіту; өткен сөздерді қайталау, бекіту.
Білімділік міндеті: тақпақты зейін қойып тыңдауға, оның ішінен таныс сөздерді табуға жаттықтыру, сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету.
Диалогке қатысуға үйрету.
Дамытушылық міндеті:ойлау, елестету қабілеттерін дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға
жаттықтыру. Артикуляциялық аппаратты, сөйлеу кезінде тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, сұрақтарға жауап беру дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік міндеті: сыпайы, мәдениетті болуға тәрбиелеу.
44
Әжемнің базарлығы
Мақсаты: ұлттық тағам түрлерімен таныстыру. Білімділікміндеті: сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету. Сөздерді бір-бірімен
байланыстырып, сөйлем құрай білу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылықміндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс, анық айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: тағамдарды қадірлеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
45
Нан қайдан келеді?
Мақсаты:ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін, сөздерін мәнерлеп жеткізе білуге үйрету.
Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Сөздерді бір-бірімен байланыстырып,
сөйлем құрауды үйрету және диалогке қатысып, ауызекі сөйлеу тілдерін жаттықтыру. Тақпақты тыңдап, оның
ішінен таныс сөздерді таба білу дағдыларын дамыту. Дамытушылық міндеті: ойлау қабілеттерін, артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды
(і дыбысы) дұрыс айтуға жаттықтыру.