Мақсаты: өткен тақырыптар бойынша сөздерді қайталау, білімдерін бекіту.
Білімділік міндеті: меңгерген сөздерін ауызекі тілде қолдана білуге жаттықтыру.
Дамытушылық міндеті:ойлау қабілеттерін дамыту, сұраққа толық жауап беруге машықтандыру.
Тәрбиелікміндеті: бірлесе жұмыс істеуге тәрбиелеу.
52
Көктем
Мақсаты:көктем мезгіліне байланысты сөздерді қазақша айтуға үйрету.
Білімділік міндеті: жыл мезгілінің ерекшеліктерін қазақша айта алу, суреттер туралы шағын мәтіндер құрастыруды дағдыландыру. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана
білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: сөздерді сөз тіркесімен айтуға, сөйлем құрауға жаттықтыру. Қазақ тіліне тән
дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: табиғаттың әдемілігін көре білуге тәрбиелеу.
53
Көктемгі еңбек
Мақсаты: балалардың сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, тілдерін жетілдіру.
Білімділік міндеті: көктемгі еңбек түрлерін қазақша айта алу. Сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету.
Дамытушылық міндеті: сөйлем құруда сөздерді ретімен қолдануға жаттықтыру, «Ө» дыбысын дұрыс айтуға жаттықтыру, артикуляциялық аппаратты дамыту.
Тәрбиелік міндеті: үлкендер еңбегін құрметтеуге, еңбек етуге тәрбиелеу.
54
Көктем келді, құс келді
Мақсаты: жыл құстардың қазақша атауларымен таныстыру.
Білімділік міндеті: жыл құстарды танып дұрыс атау, жаңылтпаштарды айтуға үйрету. Қимылын білдіретін сөздердің мағынасын түсіну және ауызекі тілде қолдануды дағдыландыру. Зат есімдерді жекеше және көпше түрде қолдану дағдыларын қалыптастыру.