Педагог балаларға өздеріне таныс сөздерден сөйлем айтуларын сұрайды. Балалар
суретке, таза сөздерін айтады.
Сергіту сәті.
Біз
кішкентай баламыз, Өсіп, өсіп толамыз.
Күнге қарай созылып, Көкке қанат қағамыз.
Дидактикалық ойын: «Аудармашы».
Педагог
сөздерді орыс тілінде айтады, балалар қазақ тіліне аударады.
Делаем зарядку – жаттығу жасаймыз.
Кушаем – тамақ ішеміз.
Поем – ән айтамыз.
Танцуем – би билейміз.
Рисуем – сурет саламыз
Гуляем (идем на прогулку) – серуенге барамыз.
Спим – ұйықтаймыз.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
Суретке қара. Балалар не істейді? Сөйлемдер құра. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Педагог қорытынды жасайды. Бағалау, мадақтау.
Сендерге қай тапсырма ұнады? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.
№5
Білім беру салалары: Қатынас,
әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Балабақша қызметкерлері.
Мақсаты: балабақша қызметкерлерінің лауазым атауларын қазақ тілінде айтуға үйрету.
Білімділік міндеті: балабақшадағы қызметкерлерінің атын білу, қарапайым сұрақтар қою және оларға жай сөйлеммен жауап беруге үйрету. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: сөздерді
сөз тіркесімен айтуға, сөйлем құрауға жаттықтыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: үлкенге құрмет, кішіге ізет жасауға тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: