Жасайды: жаңа сөздерді және сол сөздерде кездесетін қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтады.
Түсінеді:адамгершілікті, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді түсінеді.
Қолданады: балабақша қызметкерлерімен қазақша амандасады, қарапайым сұраққа жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, слайд: «Балабақша қызметкерлері», суретті сөздіктер, жұмыс дәптері, қарындаштар, айна.
Билингвалды компонент: тәрбиеші – воспитатель, меңгеруші – заведующий, аспаз – повар, дәрігер – врач, мейірбике – медсестра, музыка жетекшісі – музыкальный руководитель,
жаттықтырушы – тренер.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру кезеңіШаттықшеңбер
Біз балдырған тең басқан, Дос құшағын кең ашқан. Тілегіміз – тыныштық, Ашық болсын кең аспан. Мықты болсын іргеміз, Бәріміз де біргеміз.
Негізгі кезең
Ғажайыпсәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
Сәлеметсіздер ме?!
Өткен «Біз балабақшада не істейміз?» тақырыпты қайталау үшін «Балабақша» слайды көрсетіледі, сұрақтар қояды.
Біз балабақшада денемізді шынықтырамыз. (Тамақ ішеміз, ұйықтаймыз, би билейміз, ән айтамыз, демаламыз, сурет саламыз).
Осы балабақшада, сендерге қызмет көрсететін балабақша қызметкерлерімен танысамыз. Слайд: «Балабақша қызметкерлері».
Ең алдымен бақшаға,
Тәрбиеші келеді.
Сені, мені күтеді.
Күлімдейді қарсы алып.
Педагог балаларға қолдарына айнаны алып, дыбыстық жаттығулар жасауды ұсынадыжәнесөздері қайталап, естерінесақтауды ескертеді.
Мынау – тәрбиеші, і-і-і-ші – тәр-бие-ші.
Мынау кім?
Мынау – тәрбиеші. Тәрбиеші кітап оқиды. Тәрбиеші не істейді?