Суретті сипатта. Отбасы мүшелері не істейді? Өз отбасың туралы әңгіме құра.
Мақал-мәтілдерді жаттап ал.
Отан отбасынан басталады. Баланың бас ұстазы – ата-ана.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді. Мақал-мәтілдердің мазмұнын түсіндіреді. Балаларқайталайды.
Рефлексия.
Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.
Сендерге не ұнады? Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.
№ 16
Білімберусалалары: Қатынас, әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Ғажайып алаң.
Мақсаты: қарапайым сұрақтар қоюды және оларға жай сөйлеммен жауап беруді дағдыландыру, отбасы тақырыбын қайталау, бекіту.
Білімділік міндеті: отбасы мүшелерінің атын қазақша айтуға, сөз тіркестерін дұрыс қолдануға үйрету, диалогке қатысуға үйрету. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру, байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Тәрбиелікміндеті: үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіруге тәрбиелеу.