Таңертең тұрамын, Қолымды жуамын, Бетімді жуамын.
Тісімді тазалап,
Шашымды тараймын. Айнаға қараймын.
Дидактикалық ойын: «Мен бес сөз білемін». Берілген тақырып бойынша 5 сөз құрайды.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
Суретке қара. Сұраққа жауап бер. Арман таңертең не істеді? Педагог жеке жұмыс жүргізеді. Балалар сөйлем құрайды.
Арман төсегін жинады.
Арман жаттығу жасады.
Арман тісін тазалады.
Арман анасымен балабақшаға барады.
Ойын: «Мен не істегенімді айтпаймын, көрсетемін». Педагог жаттығу жасау, тамақ ішу, ән айту, билеу, сурет салу, ұйықтау дегендерді қимылмен көрсетеді, балалар не істегенін айтады.
Рефлексия
Педагог қорытынды жасайды. Бағалау, мадақтау.
Сендерге не ұнады? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.
№ 40
Білімберусалалары: Қатынас, әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Ұлттық ыдыстар.
Мақсаты: сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, ұлттық ыдыстардың атауымен таныстыру.
Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөйлем құрай білу дағдыларын жетілдіру. 2-3 сөйлеммен затты сипаттай білу дағдыларын дамыту. Жаңылтпашты жатқа
және жылдам айта білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Қарапайым сұрақтар қоюды және оларға жай сөйлеммен жауап беруді дағдыландыру. Тәрбиелікміндеті: ыдыстарды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: жаңа сөздерді қайталайды, ыдыстарды сипаттайды. жаңылтпашты айтады.