Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау


ҰОҚ барысы 1.Ұйымдастыру кезеңі



бет105/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   171
Байланысты:
0 НОВЫЙ КТП

ҰОҚ барысы 1.Ұйымдастыру кезеңі


Шаттық шеңбері.
Мынау сұлу әлемде, Адам өмір сүреді.
Үлкенге де, кішіге Күн сәулесін төгеді.
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. Сәлеметсіздер ме?! Өткен «Ұлттық ыдыстар» тақырыпты қайталау.
– Бүгін не жедің, не іштің?
– Ботқаны немен жедің?
– Қымызды немен ішеді?
– Тостаған, торсық – нелер?
        1. Негізгі кезең


Демонстрациялық суретпен жұмыс.
– Мынау қандай дүкен?
– Ыдыс – дүкені.
– Дүкенде қандай ыдыстар бар? Балалар таныс ыдыстарды атап, көрсетеді. Жаңа сөздермен таныстыру.

    • Дүкенде қазан бар. Мынау – қазан.

    • Мынау ... қазан сөзін айтып жаттығады. Дүкенде не бар?

    • Дүкенде қазан бар.

– Мынау – аққұман. Мынау – ... аққұман.

    • Аққұман – ыдыс. Дүкенде не бар?

    • Дүкенде аққұман бар.

Сюжеттік ойын: «Дүкен»
Балалар кезекпен дүкенге келеді. Педагог – сатушы. Диалог үлгісі:
– Сәлеметсіз бе!
– Сәлеметсіз бе!
– Кесе беріңізші.
– Қандай кесе?
– Үлкен, екі жасыл кесе.
– Міне, кесе алыңыз.
– Рақмет. Сау болыңыз.
– Сау болыңыз.
Үлгі бойынша балалар кезекпен ойнайды.
Сергіту сәті. Ән: «Дастарқан».
Ей, халайық, халайық, Бар өнерге салайық.
Ас ұсынып, бас тартқан, Жаюлы тұр дастарқан. Дастарқан-ау, дастарқан, Берекелі дастарқан,
Мерекелі дастарқан О-о-о!

Жаңылтпаш қайталау.


Шеше, неше кесе сынды кеше?
Қатты, ақырын, жай және жылдам қайталап айту.

Жұмыс дәптерімен жұмыс.


1. Суретте қандай дүкен бейнеленген? Дүкенде нелер бар?
Кім не сатып алды? Арманның әжесі қандай кесе сатып алды? Неше кесе? Сәуленің анасы не сатып алды?
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.


        1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет