Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет113/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   171

ҰОҚ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі

Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
Өткен «Әжемнің базарлығы» тақырыпты қайталау.
Қима материалмен жұмыс. Ұлттық тағамдар атауларын қайталау. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
  1. Негізгі кезең


  • Балалар, аналарың нанды қайдан алады? Дүкенге нан қайдан келеді білесіңдер ме? Педагог «Нан қайдан шығады?» (М. Етекбаев) ертегісін балаларға ұсынады.

Иллюстрациялар көрсетіле отырып, ертегі оқылады. Ертегі не туралы?

Жаңа сөздермен таныстыру.


    • Мынау – сатушы. Са-ту-шы.

    • Мынау кім?

    • Мынау – сатушы.

    • Сатушы нан сатады.

    • Сатушы не істейді?

    • Сатушы нан сатады.

    • Мынау наубайшы. Нау – бай - шы.

    • Мынау кім?

    • Мынау – наубайшы.

    • Наубайшы нан пісіреді.

    • Наубайшы не пісіреді?

    • Наубайшы нан пісіреді.

    • Мынау – бидай.

    • Мынау не?

    • Мынау – бидай.

    • Мынау – диірменші.

    • Мынау кім?

    • Мынау – диірменші.

    • Диірменші бидайдан ұн жасайды.

    • Диірменші бидайдан не жасайды?

    • Диірменші бидайдан ұн жасайды.

    • Мынау – ұн.

    • Мынау не?

    • Мынау – ұн.

    • Мынау – егінші.

    • Мынау кім?

    • Мынау – егінші.

    • Егінші егін егеді.

    • Егінші не істейді?

    • Егінші егін егеді.

Сөздерді балалар жеке, хормен дұрыс айтып жаттығады.
Педагог і дыбысының дұрыс айтылуына назар аударады: диірменші, егінші.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет