Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау


Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады)



бет133/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   171
Байланысты:
0 НОВЫЙ КТП

Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).


Ұ-ұ-ұ-ұя – ұя - ұя
Дидактикалық ойын: «Ұ» дыбысы бар ма, жоқ па». Педагог сөздерді айтады, балалар
«иә»,«жоқ», – деп жауап береді. Сөздер: үстел, тақта, аю, жануар, кұс, жұмыс, ұя, көктем, шөп.
Ойын «Біреу – көп»
Педагог бір және бірнеше құстың суретін көрсетіп, оны өзі айтады.

    • Құс – құстар.

    • Қарлығаш – қарлығаштар.

    • Қараторғай – қараторғайлар. (Балалар қайталайды).

Жұмыс дәптерімен жұмыс.


  1. Суретте нелер бейнеленген? Ата. Құстар не істейді? Сөйлем құра. Сөйлем үлгісі: Құстар ұшады.

  2. Құстарды ата. Сана. Жекеше, көпше түрде ата. Үш қараторғайлар, төрт қаздар, бес қарлығаштар.

Қараторғай – қараторғайлар, қаз – қаздар, қарлығаш – қарлығаштар. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
  1. Рефлексия.


Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтау.
– Сабақта не қызықты болды? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.

№ 55


Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Армысың, әз Наурыз!
Мақсаты: ұлттық мерекеге байланысты сөздерді қазақша айту және оларды түсіну дағдыларын қалыптастыру.
Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, өткенді еске түсіру. Сөздерді сөйлемдерге байланыстырып құрауды дағдыландыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: ұлттық салт-дәстүрлерге құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:


Жасайды: жаңа сөздерді қайталайды, сөйлемдерді түсінеді.
Түсінеді: Наурыз мерекесі халықтық үлкен мереке екенін түсінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет