Қолданады: мерекелік құттықтау сөздерді қолданады, сұрақтарға жауап береді. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, демонстрациялық суреттер, «Құтты болсын, әз Наурыз» әні, жұмыс дәптері, фишкалар.
Билингвалды компонент: Наурыз мерекесі – праздник Наурыз, наурызкөже – наурызкоже, Наурыз құтты болсын! – С праздником Наурыз!, алтыбақан – алтыбакан (качели).
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру кезеңіШаттықшеңбер
Қол ұстасып, кәне, біз Достасайық бәріміз.
Қандай жақсы бір тұрып, Достарменен бір жүру
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қай ай?
Ғажайыпсәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
Қима материалмен жұмыс. Өткен «Көктем келді, құс келді» тақырыбын суреттер бойынша қайталау. Педагог суреттерді көрсетеді, балалар атайды.
Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
2.Негізгі кезең
Электронды қазақ үйінен «Құтты болсын, әз Наурыз» әнін тыңдату.
– Бұл ән қандай, көңілді ме? Не туралы?
– Көктемде Наурыз мерекесі болады. Бұл мерекені достарымызбен бірге тойлаймыз.
Наурыз мерекесі және оған дайындық туралы қысқаша түсінік беру.
«Наурыз – жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Жаңа күн, жаңа жыл. Құттықтау:
Наурыз құтты болсын! Ұлыс оң болсын!
Құттықтау сөздерін балалар қайталап естеріне сақтайды.
Наурыз мерекесі – Қазақстанның халқы үшін ерекше мереке. Демонстрациялық материалмен жұмыс.
Мерекеде ән айтып, тақпақ оқиды, ойын ойнайды.
– Мынау кім? Мынау – ата.
– Мынау не?
– Мынау – домбыра.
– Ата домбыра ойнап отыр.
– Ата не істеп отыр?
– Ата домбыра ойнап отыр.
– Мынау – алтыбақан.
Мынау не?
– Мынау – алтыбақан. Балалар алтыбақан тебеді.
– Балалар не істейді?
– Балалар алтыбақан тебеді. Адамдар ұлттық киім киеді.
– Қандай қазақ ұлттық киімдерін білесіңдер?
Балалар таныс ұлттық киімдерді атайды.
– Адамдардың көңіл күйлері жақсы.
– Адамдардың көңіл күйлері қандай?
– Адамдардың көңіл күйлері жақсы.
Балалар сұрақтарға жауап беру барысында өткен тақырыптарды естеріне түсіреді. Жаңа сөздерді жеке, хормен қайталап отырады.