Тақпақоқу.Педагогтақпақоқиды.Өздеріңетаныссөздердіайтыңдар. Мен бақшаға барамын, Ойнаймын, ән саламын. Тәрбиеші әпкелер, Досы барлық баланың.
Балалар таныс сөздерді атайды: балабақша, тәрбиеші.
Сергіту сәті
Бір-бірімен сыйласты, Тату жүрміз бәріміз. Бал достықтың ұясы – Біздің балабақшамыз.
Дидактикалық ойын: «Тыңда, көрсет, қайтала». Балаларға балабақша қызметкерлерінің суретін көрсету.
Бұл кім?
Бұл – тәрбиеші.
Аты кім?
Любовь Петровна.
Дұрыс, сендердің тәрбиешілерің – Тим Любовь Петровна.
Осылайша балабақшада жұмыс істейтін музыка жетекшісі, жаттықтырушы және аспаздың аты-жөндері айтады.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
Суреттерге қарап, сұрақтарға жауап бер.
Мынау кім? Ол не істейді?
Бұл – аспаз.
Ол не істейді? Аспаз балаларға дәмді ас пісіреді. т.б. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Дидактикалық ойын: «Аудармашы».
Педагог балабақша қызметкерінің атауын орыс тілінде айтады, балалар аударады. Воспитатель – тәрбиеші
Заведующая – меңгеруші Повар – аспаз т.б.
Рефлексия
Педагог қорытынды жасайды. Бағалау, мадақтау.
Сендерге қандай тапсырма ұнады? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.
№ 6
Білімберусалалары: Қатынас, әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Менің ойыншықтарым.
Мақсаты: тыңдау және тілді түсіну дағдыларын қалыптастыру.
Білімділік міндеті: балалардың сөздік қорларын байыту, ойыншықтардың қазақша аталуын есте сақтауға жаттықтыру. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. 2-3 сөйлеммен затты сипаттай білу дағдыларын дамыту.
Диалогке қатысуға үйрету.