Дамытушылық міндеті: ойыншықтар туралы шағын мәтіндер құрауды дағдыландыру, сұраққа толық жауап беруді жетілдіру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға
жаттықтыру.
Тәрбиелікміндеті: ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: ойыншықтарды атап, қазақша дыбыстарды дұрыс айтады.
Түсінеді: сұрақтарды түсінеді, жауап береді.
Қолданады: ойыншықтар туралы шағын мәтіндер құрайды.
Қолданылатынкөрнекіқұралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, ойыншықтар, қоржын
, суреттер, жұмыс дәптері, қима материалдар, айна, қарындаштар, фишкалар.
Билингвалды компонент: менің ойыншықтарым – мои игрушки, жұмсақ ойыншықтар – мягкие игрушки, темір ойыншықтар – железные игрушки, резеңке ойыншықтар – резиновые игрушки, пластмасса ойыншықтар – пластмассовые игрушки.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру кезеңіШаттықшеңбері
Қол алысып, кәне, біз, Достасайық бәріміз, Қандай жақсы бір тұру, Достарыммен бір жүру, Қайырлы күн, достарым!
Қайырлы күн, Сәуле мен Арман!
Ғажайып сәт. Қуыршақтар – Сәуле мен Арман ойыншықтарға толы қоржынмен бірге келеді.
Қайырлы күн, балалар! Ойнауға шақырады.
Дидактикалық ойын: «Кім көп біледі?».
Балалар өткен тақырыптар бойынша сөздерді естеріне түсіріп, атайды.
Педагог суреттерді көрсетеді, балалар атайды. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
Негізгі кезең
Дидактикалық ойын: «Ғажайып қоржын». «Қуыршақтар» қоржыннан ойыншықтарды алып, балаларды «Ойыншықтар дүкені» ойынын ойнауға шақырады. Дүкенші – қуыршақ Сәуле, сатып алушылар – балалар.
Диалог:
Бала: Сәлеметсіз бе!
Қуыршақ: Сәлеметсіз бе!
Бала: Маған ойыншық беріңізші? Қуыршақ: Қандай ойыншық?
Бала: Ойыншық мәшине. Қуыршақ: Міне, ал.
Бала: Рақмет.
Қыз: Сәлеметсіз бе! Қуыршақ: Сәлеметсіз бе!
Қыз: Маған қуыршақ беріңізші? Қуыршақ: Міне, ал.
Бала: Рақмет. т.б.
Балалар білетін ойыншықтарын алады, педагог қалған ойыншықтарды атайды, сипаттайды: жұмсақ ойыншықтар, темір ойыншықтар, пластмасса ойыншықтар, резеңке ойыншықтар
болады.
Мынау – түлкі.
Мынау не?
Мынау – түлкі.
Ойыншық түлкі – жұмсақ ойыншық.
Ойыншық түлкі қандай?
Ойыншық түлкі – жұмсақ ойыншық.
Мынау – кірпі.
Мынау не?
Мынау – кірпі.
Ойыншық кірпі пласмассадан жасалған. Ол пластмасса ойыншық.
Ойыншық кірпі неден жасалған?
Ойыншық кірпі пласмассадан жасалған.
Кірпі қандай ойыншық?
Кірпі – пластмасса ойыншық.
Мынау – доп.
Мынау не?
Мынау – доп.
Доп резеңкеден жасалған. Ол – резеңке ойыншық.
Доп неден жасалған?
Доп резеңкеден жасалған.
Доп қандай ойыншық?
Доп – резеңке ойыншық.
Мынау – мәшине.
Мынау не?
Мынау – мәшине.
Мәшине – темірден жасалған ойыншық. Ол – темір ойыншық.