Жасайды:жаңа сөздерді атайды, сөйлемдерді құрастырады, тақпақ жаттайды, қайталайды.
Түсінеді: сұрақтарды түсінеді.
Қолданады: шағын мәтіндер құрайды, сұрақтарға жауап беледі.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, сандық , қима материалдар, суретті сөздіктер, жұмыс дәптері, айна, қарындаштар, фишкалар.
Билингвалды компонент: жаттығу жасаймыз – делаем зарядку, тамақ ішеміз – кушаем, ән айтамыз – поем, би билейміз – танцуем, сурет саламыз – рисуем, серуенге барамыз – гуляем (идем на прогулку), демаламыз – отдыхаем, ұйықтаймыз – спим.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастырукезеңі
Ғажайып сәт. Қуыршақтар – Сәуле мен Арман әдемі сандықпен келеді. Сандықта қима суреттер бар.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бәрін ойын ойнауға шақырады.
Дидактикалық ойын: «Ғажайып сандық».
Педагопен бірге өткен «Біздің топ» тақырыпты қайталап, сандықтағы қима суреттерге сөйлем құрайды.
Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
Біз балабақшада тамақ ішеміз. Та-мақ-қ-қ і-і-і ше-міз – тамақ ішеміз.
Ұ-ұ-ұ-ұй-ық-қ-қ-таймыз – ұйықтаймыз.
Біз балабақшада не істейміз?
Біз балабақшада тамақ ішеміз, ұйықтаймыз.
Біз балабақшада серуенге барамыз, би билейміз, әң айтамыз, демаламыз, сурет саламыз.
Біз балабақшада не істейміз?
Біз балабақшада серуенге барамыз, би билейміз, әң айтамыз, демаламыз, сурет саламыз.
Балаларпедагогтіңсоңынансөздерменсөйлемдердіқайталайды. Сөздік ойын: «Жалғасын тап». Суреттерді көрсетеді, суретке байланысты заттың атын атайды, сол сөзге сөзді байланыстырып жалғап, сөйлем құрайды.
Балабақша ... (әдемі, жарық, таза). Таңертең жаттығу ... (жасаймыз).
Музыка залында ... (ән айтамыз, би билейміз). Серуенге шығып ... (ойнаймыз, демаламыз). Кереуетте ... (ұйықтаймыз)