Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
– Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.
№8
Білімберусалалары: Қатынас, таным
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Алтын күз.
Мақсаты: игерген сөздерін қолданып, шағын мәтін құру дағдыларын дамыту.
Білімділікміндеті: күз мезгілінің ерекшеліктерін қазақша айтуға үйрету. Қазақ тілінде
сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету. Жаңылтпашты жатқа және жылдам айта білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: қарапайым сұрақтарға жай сөйлеммен жауап беру, сөздік қорларын дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелікміндеті: табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: күз мезгілі, күз айларын, шағын мәтінді, жаңылтпашты қайталайды.
Түсінеді: күз мезгілінің ерекшелігін.
Қолданады: қарапайым сұрақтарға жауап береді.
Алдын ала орындалатын жұмыстар: балалармен серуен кезінде бақылау жүргізуге қатысу. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, демонстрациялық материалдар, қима материалдар, жұмыс дәптері, айна, фишкалар.
Билингвалдыкомпонент: күз айлары – осенние месяцы, қыргүйек – сентябрь, қазан – октябрь, қараша – ноябрь, алтын күз – золотая осень, бұлт – облако.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру кезеңіШаттықшеңбер
Арайлап таң атты. Алтын сәуле таратты. Қайырлы таң, балалар!