Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет79/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   171
Байланысты:
0 НОВЫЙ КТП

ҰОҚ барысы


    1. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбер

Жоғары қараймыз, Шаңырақты көреміз. Төмен қараймыз, Жерді көреміз.
Оңға бұрылып, солға бұрылып, Егеменді елді көреміз.
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.

  • Сәлеметсіздер ме?!

Бәрін ойын ойнауға шақырады.
Ойын: «Алтын сақа». Нұр-Сұлтан қаласы туралы қайталау. Балалар сақаны бір-біріне береді. Сақаны қолына алған бала тақырып бойынша сөз айтады.

  • Нұр-Сұлтан – бас қала.

  • Нұр-Сұлтан – әдемі қала.

  • Нұр-Сұлтанда көшелер кең.

  • Нұр-Сұлтанда биік үйлер көп. т.б
    1. Негізгі кезең


Электронды қазақ үйінен «Алматы – гүл қала» әнін тыңдату.

    • Бұл ән не туралы? (Алматы қала туралы).

Қуыршақ Сәуле: Біз сендерге Алматының көрікті орындарын көрсете аламыз, диск көрсетеді.
Интербелсенді тақтада Алматымен таныстыру.

  • Мынау – Алматы қаласы. Мынау – метро. Баратын жерімізге жылдам апарады. Мынау – саябақ. Алматыда саябақ бар. Саябақ көп. Саябақтар әдемі. (Бірнеше саябақ суреттері

көрсетіледі). Мынау – Медеу мұзайдыны. Мынау – Көктөбе.
Медеу, Көктөбе туралы қысқаша айтып өту.

    • Алматы қандай қала екен?

    • Алматы – әдемі, әсем қала. Әдемі, әсем.

Балалар сөздерді, сөйлемдерді педагогтен кейін қайталап, жаттығады.

Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).


Ө-ө-ө-ө – көөөк-төбе- көктөбе Ә-ә-ә-ә - әсем- әсем.
Сергіту сәті: педагог балаларға сұрақ қойып, жауап алып қимылмен орындайды.

    • Күннің шыққаны жақсы ма?

    • Жақсы! (Күнді бейнелейді).

    • Желдің соққаны жақсы ма?

    • Жақсы! (Қолдарын көтеріп тербеледі).

    • Достарыңмен жүрген жақсы ма?

    • Жақсы! (Алға қарай адымдайды).

    • Туған өлкеде жақсы ма?

    • Жақсы! (Құшақтарын жаяды).

    • Балабақша жақсы ма?

    • Жақсы! (Басбармақтарын көрсетіп, қол соғады).

Ойын: «Жалғастыр». Сөздерді, сөйлемдерді бекітіп, қайталау.
Қа...(қала)
Кө... (көше)
Сая.. (саябақ)
Алматы... (Алматы – әдемі, әсем қала).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет