Жоғары қараймыз, Шаңырақты көреміз. Төмен қараймыз, Жерді көреміз.
Оңға бұрылып, солға бұрылып, Егеменді елді көреміз.
Ғажайыпсәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
Сәлеметсіздер ме?!
Бәрін ойын ойнауға шақырады.
Ойын: «Алтын сақа». Нұр-Сұлтан қаласы туралы қайталау. Балалар сақаны бір-біріне береді. Сақаны қолына алған бала тақырып бойынша сөз айтады.
Нұр-Сұлтан – бас қала.
Нұр-Сұлтан – әдемі қала.
Нұр-Сұлтанда көшелер кең.
Нұр-Сұлтанда биік үйлер көп. т.б
Негізгі кезең
Электронды қазақ үйінен «Алматы – гүл қала» әнін тыңдату.
Бұл ән не туралы? (Алматы қала туралы).
Қуыршақ Сәуле: Біз сендерге Алматының көрікті орындарын көрсете аламыз, диск көрсетеді.
Интербелсенді тақтада Алматымен таныстыру.
Мынау – Алматы қаласы. Мынау – метро. Баратын жерімізге жылдам апарады. Мынау – саябақ. Алматыда саябақ бар. Саябақ көп. Саябақтар әдемі. (Бірнеше саябақ суреттері
көрсетіледі). Мынау – Медеу мұзайдыны. Мынау – Көктөбе.
Медеу, Көктөбе туралы қысқаша айтып өту.
Алматы қандай қала екен?
Алматы – әдемі, әсем қала. Әдемі, әсем.
Балалар сөздерді, сөйлемдерді педагогтен кейін қайталап, жаттығады.