Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет81/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   171
Байланысты:
0 НОВЫЙ КТП

ҰОҚ барысы


    1. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбер

Шеңберге тұрып, достарымызбен қол ұстасайық. Барлығымыз жақсы көңіл күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық!
Қол алысып, кәне, біз, Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру, Қандай жақсы дос болу!
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.

  • Сәлеметсіздер ме?!

Өткен «Әсем қала – Алматы» тақырыпты қайталау.
Ойын: «Алтын сақа». Балалар сақаны бір-біріне береді. Сақаны қолына алған бала тақырып бойынша сөз, сөйлем айтады.

  • Алматы – әсем қала.

  • Алматыда метро бар.

  • Алматыда саябақ бар. Саябақ көп. Саябақтар әдемі.

  • Алматыда Медеу мұзайдыны бар.

  • Алматыда Көктөбе бар.
    1. Негізгі кезең


Жаңа сөздермен таныстыру. Демонстрациялық материалдармен жұмыс. Суреттегі
балалардың іс-әрекетіне көңіл аудару. Сұрақ қоя отырып, таныс сөздерді қайталау және жаңа сөздермен таныстыру.
Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген? Жыл мезгілі – қыс.
Мынау не? Мынау – қар. Ақ-ақ – ақ қар.

  • Қардан не жасаймыз?

  • Аққала жасаймыз.

  • Мынау – сырғанақ.

  • Мынау не?

  • Мынау – сырғанақ.

  • Балалар сырғанап жүр.

  • Балалар не істеп жүр?

  • Балалар сырғанап жүр.

  • Шанамен сырғанап жүр. Конькимен сырғанап жүр.

  • Немен сырғанап жүр?

  • Шанамен сырғанап жүр. Конькимен сырғанап жүр.

  • Бұлар – қыс қызығы.

Балалар таныс және жаңа сөздерді қайталайды. Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады). Қ-қ- қ - қа – қар.
Қ-қ-қ-қ -нақ-нақ – сырғанақ.
Педагог шағын әңгіме құрап айтады. Мынау – қыс мезгілі. Дала аппақ қар. Қыста балалар аққала жасады. Балалар шанамен, конькимен сырғанап ойнап жүр. Бұлар – қыс қызығы. Балалар қайталайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет