Негізгі кезең
Демонстрациялық материалдармен жұмыс. Педагог балаларға балабақшаның суретін көрсетіп, сұрақтар қояды.
Мынау не?
Бұл – балабақша.
Балалар қайда келді?
Балалар балабақшаға келді.
Балалар не істеп жүр?
Балабақша ауласында ойнап жүр.
Саған балабақшада көңілді ме?
Иә, балабақшада көңілді. Балабақшада балалар көп. Олар бір-бірімен дос.
Дос, дос-ы-ң, се-н-і-ң до-сың. Ме-н-і-ң до-сым.
Педагог балаларға қолдарына айнаны алып, дыбыстық жаттығулар жасауды ұсынады және сөздерді қайталап, естеріне сақтауды ескертеді.
Артем, сен кіммен ойнайсың? Артем, Арлан сенің досың ба?
Иә. Менің досым – Арлан.
Артем, Арлан – достар.
Достар қалай ойнайды?
Достар тату ойнайды.
Біз Артем екеуміз дос-пыз, та-ту ойнаймыз.
Біз-дің до-сы-мыз көп (балалар қайталайды).
Педагог мақал-мәтелді түсіндіреді.
«Адам досымен, ағаш тамырымен мықты» .
Жаңа сөздерді естерінде сақтату: дос – друг, достар – друзья, тату – дружно, біздің достарымыз – наши друзья
Достарыңызбен бөлісу: |