Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет100/300
Дата12.04.2022
өлшемі364,14 Kb.
#30725
түріБағдарламасы
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   300

ҰОҚ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбер.

  • Балалар, бір-біріңе аналарың еркелетіп атайтын аттарыңды айтыңдар.

Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.

  • Сәлеметсіздер ме?!

Балаларға «Ғажайып алаң» ойынын ойнауға шақырады.
  1. Негізгі кезең


Балалар барабанды айналдыра отырып, ұпай жинайды, сұрақтарға жауап береді, тапсырмаларды орындайды.

Бірінші тапсырма: Санамақты еске түсіру, отбасы мүшелерін атау.

Атам, әжем, Әкем, шешем. Әпкем, сіңілім,

Ағам, інім және мен. Бір үйде біз нешеуміз? Кел, санайық екеуміз.

Екінші тапсырма: Отбасы туралы қандай мақал білесіңлер?

Балалар мақалдарды естеріне түсіреді.


    1. Отан отбасынан басталады.

    2. Баланың бас ұстазы – ата-ана.

    3. Інісі бардың – тынысы бар, Ағасы бардың – жағасы бар.

4.Аға әдепті болса, іні әдепті,

Апа әдепті болса, сіңлі әдепті.

Үшінші тапсырма: Отбасымен түскен суреттер, фотоальбоммен жұмыс. Балалар өздеріне таныс сөздерді атайды және сөздерден сөйлем құрайды.


  • Мынау – менің отбасым. Мынау – ата. Атамның аты Атам теледидар көреді.

  • Мынау – менің әжем. Әжемнің аты Әжем ән айтады.

  • Мынау – менің әкем. Әкемнің аты Әкем ойыншық берді.

  • Мынау – менің анам. Анамның аты Анам тамақ пісіреді. Біз тату тұрамыз.

Төртінші тапсырма: Диалог құру. Сұрақтарға жауап беру. Балалар бір-біріне сұрақтар қояды.

  • Сенің ағаң бар ма?

  • Ағаңның аты кім?

  • Сенің әпкең бар ма?

  • Әпкеңнің аты кім? т.с.с

Бесінші тапсырма. Дидактикалық ойын: «Тыңда, есте сақта, қайтала». Қуыршақ Сәуле сан тіркесімен отбасы мүшелерін айтады, балалар тыңдап алып, қайталаулары керек. Мысалы: менің 2 әжем, 1 атам, анам, 3 інім бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   300




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет