Жасайды: жаңа сөздерді және сол сөздерде кездесетін қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтады. Сөйлемдер құрастырады.
Түсінеді: дос, тату, достар сөздерін түсінеді.
Қолданады: өзі және достары туралы айтады, қарапайым сұраққа жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, демонстрациялық материалдар, суретті сөздіктер, жұмыс дәптері, қарындаштар, айна, фишкалар.
Билингвалды компонент: дос – друг, достар – друзья, тату – дружно, біздің достарымыз – наши друзья.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері: педагог балаларға өлеңді бірге қимылмен айтуға ұсынады.
Достар, бері келіңдер, Қолдарыңды беріңдер.
Шаттық толы шеңберге, Қуанышпен еніңдер.
Ғажайып сәт: Қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. Балалармен амандасады. Ойын ұйымдастырады.