Жасайды: жаңа сөздерді қайталайды, тақпақты жаттайды, сөздерді жекеше және көпше түрде айтады.
Түсінеді: Нұр-Сұлтан – астана екенін.
Қолданады: астананы атай алады, көрікті орындарын біледі, сұрақтарға жауап береді. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, слайд: Нұр-Сұлтанның көрікті орындары, жұмыс дәптері, айна.
Билингвалды компонент: астана – столица, әдемі – красивый, таза – чистый, жаңа – новый, көше – улица, биік – высокий, ескерткіш – памятник.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастырукезеңі
Ғажайыпсәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. Қолдарында диск бар.
Сәлеметсіздер ме?! Өткен тақырыпты қайталау.
Мемлекеттік Рәміздерді ата? (Мемлекетіміздің рәміздері: гимн, ту, елтаңба).
Мемлекеттік Елтаңбада не бейнеленген? (Шаңырақ, күн шуақтары, тұлпар, жұлдыз бейнеленген)
Мемлекеттік Елтаңбаның авторы кім? (Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов).