Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.
– Біз бүгін не істедік? Сендерге не ұнады? Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.
№26
Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Еліміздің астанасы – Нұр-Сұлтан.
Мақсаты: Нұр-Сұлтан қаласы туралы сөйлем құрап айтуға үйрету.
Білімділік міндеті: сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, тақпақ жаттау. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Зат есімдерді жекеше және көпше түрде қолдану дағдыларың қалыптастыру.
Дамытушылық міндеті: сөздерді сөйлемдерге байланыстырып құрастыруды дағдыландыру. Қандай? сұрағына жауап беру дағдысын дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: елорданы мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |