Дыбыстық жаттығу (айнамен қайталау).
Көру – көзбен көру.
Тыныс алу – мұрынмен дем алу. Есту – құлақпен есту.
Ұстау – қолмен ұстау.
Сергіту сәті. Педагог қимылмен айтып, балалар қайталайды.
Жалғыз саусақ тіпті де, Ұстай алмас жіпті де. Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды, Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ, Қала салсақ, жол салсақ.
Тақпақты жаттау.
Не үшін?
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Құлақ деген не үшін керек?
Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
(Қадыр Мырза Әли)
Жұмыс дәптерімен жұмыс:
1.Суреттерге қара. Дене және сезім мүшелерінің атқаратын қызметіне қарай сөйлем құра. Педагог жеке жұмыс жүргізеді. Үлгі бойынша сөйлем құрастыру. Үлгі: Көзбен көреді.
Дидактикалық ойын: «Мұрын, мұрын, мұрын »
Мұрын, мұрын, мұрын – бас. Мұрын, мұрын, мұрын – қол. Мұрын, мұрын, мұрын – аяқ.
Балаларды шатастырып, басқа дене мүшелерін көрсетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |