5 « » сынып, оқушы
«Мектеп өмірі. Әдепті бала – арлы бала» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері: оқылым, жазылым.
Оқу мақсаты
5.3.2.1. Хат, хабарлама мазмұнын түсіну, стильдік ерекшелігін анықтау
5.4.1.1. ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу
5.5.1.1. мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы:
- Хат мазмұнына қатысты ақпараттарды түсіндіреді
- Хат жазудың талаптарын ұстанады. Тілдік ерекшелікті дұрыс қолданады.
- Жалқы және жалпы есімдерді ажыратады
Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
ОҚЫЛЫМ
Мәтінді түсініп оқып, тапсырмаларды орында.
Сәлем, досым! Денсаулығың, сабағың жақсы ма? Өзім туралы айтсам, мен сен сияқты бесінші сыныптың оқушысымын. Атым – Қожа. Шынымды айтсам, бұл о баста Қожа емес, Қожаберген екен. Туу куәлігінің өзінде солай деп жазылған... Сонымен, мен ес білгелі Қожамын. Ауыл-аймақтың бәрі солай атайды. Біз бір сыныпта екі Қожа бармыз. Сүттібайдың үлкен баласының аты да – Қожа. Оқушылар екеуімізді шатастырып алмас үшін өңімізге қарап, мені «Қара Қожа», оны «Сары Қожа» деп атайды. Әуел баста мен бұған өкпелеп қалатын едім. Бірақ жүре-бара құлағым үйреніп, дағдыланып кеттім. "Қара Қожа» дегендерге «Әу!» - деп жалт қарайтын болдым.
Жанар! Атың қандай әдемі! Сендердің бұл қызбен танысып қоюларың керек. Екеуміз бірге оқимыз. Жанар – біріншіден, кластағы ең ақылды қыз. Екіншіден, сұлу. Даусы қандай шіркіннің! Барып тұрған өнерлі қыз! Кластағы бірніш үздік оқушы.
Мынау - мектебіміз. Бірінші кластан бастап оқып келе жатқан осы мектеп маған туған анамдай ыстық та бауырмал. Кабинет үлкен әрі жарық. Терезеге әдемі перде ілінген. Терезеден орталық көше көрініп тұрады. Ал сенің мектебің қандай? Хатыңды асыға күтемін.
Сәлеммен, Қожа.
1-тапсырма. Мәтінге ат қой.
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап жаз.
- Хаттың кіріспе бөлімі не туралы?
- Хаттың негізгі бөлімі не туралы?
- Хаттың қорытынды бөлімі не туралы?
3-тапсырма. Мәтіннен жалпы және жалқы есімдерді теріп жаз.
4-тапсырма. Берілген мәтіннің үлгісімен өз мектебің туралы Қожаға хат жаз.
Бағалау критерийі
|
№ тапсырма
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Хат мазмұнына қатысты ақпараттарды түсіндіреді
|
1
|
Мәтінге ат қояды
|
1
|
2
|
1 сұраққа жауап жазады
2-сұраққа жауап жазады
3-сұраққа жауап жазады
|
1
1
1
|
Жалқы және жалпы есімдерді ажыратады
|
3
|
мәтіннен жалпы және жалқы есімдерді анықтайды:
3 жалпы есім
3 жалқы есім
|
1
1
|
Хат жазудың талаптарын ұстанады. Тілдік ерекшелікті дұрыс қолданады.
|
4
|
Хат жазу үлгісін ұстанады;
Тақырыпқа сай хат жазады;
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жазады;
Сауатты жазады.
|
1
1
1
1
|
Барлығы 10
|
Достарыңызбен бөлісу: |