Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөйлем құрай білу дағдыларын жетілдіру. 2-3 сөйлеммен затты сипаттай білу дағдыларын дамыту.
Жаңылтпашты жатқа және жылдам айта білуге үйрету. Дамытушылық міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Қарапайым сұрақтар қоюды және оларға жай сөйлеммен жауап беруді дағдыландыру.