– Біздің Отанымыз қалай аталады?
– Қай қалада (ауылда) тұрасын?
Педагог Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған әңгімені жүргізеді.
Жаңа сөздермен таныстыру.
– Қазақстан – көпұлтты республика. Қазақстан қандай республика?
– Қазақстан – көпұлтты республика.
– Қазақстан халқы тату тұрады.
– Қазақстан халқы қалай тұрады? Қазақстан халқы тату тұрады.
Қазақстан – ортақ үйіміз.
– Ортақ үйіміз – ...
– Дима, сенің досың кім? Сен досыңмен қалай ойнайсың?
Балалар жаңа сөздерді және сөйлемдерді қайталайды.
Педагог шағын мәтін құрап айтады: Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан - көпұлтты республика. Қазақстан халқы тату тұрады. Қазақстан біздің ортақ үйіміз. (3-4 бала мәтінді қайталайды).
Достарыңызбен бөлісу: |