Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет278/300
Дата12.04.2022
өлшемі364,14 Kb.
#30725
түріБағдарламасы
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   300
Байланысты:
null

Дыбыстық жаттығулар:


Ө-ө-ө-ө – көөө-лік- көлік І-і-і-і- лік -лік – көлік

Қ-қ-қ-қ- шақ-шақ – мынау – ұшақ.

Ұ-ұ-ұ-ұ -ұш-ұш - ұшақ ұшты. Ұшақ ұзақ ұшты.
Педагог сөйлемдер құрастырады. Нұр-Сұлтанға ұшақпен баруға болады. Нұр-Сұлтанға пойызбен баруға болады.

Балалар сөйлемдерді қайталайды.


Сергіту сәті:


Орнымыздан тұрайық, Қолымызды созайық. Бойымызды жазайық Алақанды соғайық.

Бір отырып, бір тұрып Біз тынығып алайық.


Жаңылпашпен таныстыру.


Ұшып кетті үш құс, Ұшып келді ұшқыш.

Балалар жаңылпашты бірнеше рет қатты, ақырын, баяу және жылдам қайталайды.

Ойын: «Дұрыс па, бұрыс па?». Педагогті тыңдап, сөйлемнің дұрыстығын анықтайды да, дұрыс сөйлемді қайталайды.

Мысалы: Автобус – көлік. Коньки – көлік. Ұшақ – көлік. Жылқы – көлік. Нұр-Сұлтанға трамваймен баруға болады. т.с.с.


Жұмыс дәптерімен жұмыс.


      1. Көлікті ата. Саяхатқа немен барасың? Сызып қос. Сөйлем құра. Балалар үлгі бойынша суретке қарап, сөйлем құрайды.

Сөйлем: Мен автобуспен барамын (сызықпен қосады).

Педагог жеке жұмыс жүргізеді.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   300




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет